+7 (727) 267-28-83

14.01.2020 - 15.01.2020

Название:
15 қаңтар, сағ. 11.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында «Galamshar adebieti – Global litera» әдебиет және мәдениет альманах журналының таныстырылымы өтеді.
Дата:
14.01.2020 - 15.01.2020
Расположение:

Описание

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2020 жылғы 15 қаңтарда, сағат 11.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында «Galamshar adebieti – Global litera» әдебиет және мәдениет альманах журналының таныстырылымы өтеді.

«Galamshar adebieti – Global litera» әдебиет және мәдениет альманах журналы 2014 жылдың 18 қыркүйегінде Қазақстанда құрылған «Әлем Халықтары Жазушылар Одағы» қоғамдық бірлестігінің 20 тілде жарық көріп отырған тұңғыш басылымы. «Әлем Халықтары Жазушылар Одағы» қоғамдық бірлестігіне қазіргі таңда әлемнің 94 мемлекетінің өкілдері мен мүшелері кіреді. Тұңғыш басылымға солардың ішінен 55 мемлекеттің 255 авторының туындылары жарияланған.

Түркі халықтарының ежелгі Күлтегін, Тоныкөк ескерткіштерінде жазылған өлеңдерден бастап, қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар 14 автордың және бүгінгі қазақстандық авторлардың қазақ тіліндегі 57, орыс тіліндегі 4 шығармасы енген. Сондай-ақ, әлемнің 180 ақын жазушыларының туындылары 18 тілде жарияланған.

Шараға белгілі қоғам қайраткерлері мен ғалымдар, ақын-жазушылар, зиялы қауым  мен БАҚ өкілдері қатысады.

 

 

Сайтта

Қазір сайтта 183 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.