- Подробности
- Автор: editor
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ҚР Ұлттық кітапханасының күйтабақтар қорынан Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай, ақынның сөзіне жазылған әндердің аудиотранслациясын назарларыңызға ұсынамыз
- Подробности
- Автор: editor
Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының кітап қорына Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері, белгілі ғалым реставратор Крым Алтынбеков өзінің қолтаңбасымен «Возрожденная из пепла» кітабын және С.Р.Бөкейхановтың «Өткен күнде белгі бар» атты кітабын сыйға тартты.
Қазақстандағы Алғыс айту күніне орай «Рахмет саған, Ұлы дала елі!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды
- Подробности
- Автор: editor
Ораз Жандосов атындағы оқу залында Қазақстандағы Алғыс айту күніне орай «Рахмет саған, Ұлы дала елі!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
- Подробности
- Автор: editor
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Р. Райымқұлова ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы және ұлы ойшыл, әлемнің екінші ұстазы Әбу Наср әл-Фарабидің 1150 жылдығы мерейтойларын жоғары деңгейде атап өтуге үлес қосқан бірқатар зиялы қауым өкілдеріне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хаттарын табыстады.
- Подробности
- Автор: editor
19 ақпан күні ҚР Ұлттық кітапханасының Р. Бердіғалиева атындағы кітапханатану залында Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын суреттеген және мол дерекке сүйене отырып, ақиық ақынның замандастарын әдеби кейіпкерге айналдырған журналист, ҚР мәдениет қайраткері Жақыпжан Нұрғожаевтың «Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін» кітабының тұсаукесері өтті.
- Подробности
- Автор: editor
19 ақпанда ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ҚР Ұлттық кітапханасының Н.К.Дәулетова атындағы залында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы мен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті «Парасат жолы» орталығының ашылуы өтті.
- Подробности
- Автор: editor
Ө.М.Сұлтанғазин атындағы ғылыми қызметкерлерге арналған залда көрнекті ғалым, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, еңбек сіңірген ғалым, профессор, заң ғылымдарының докторы Салық Зиманұлы Зимановтың туғанына 100 жыл толуына орай «Қазақ заңдары ғылымының абызы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
- Подробности
- Автор: editor
18 ақпанда Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған деректі, экспозициялық және кітап көрмелерінің ашылуы өтті.
Жаңалықтарына жазылу
Подпишитесь на нашу рассылку, чтобы получать самые свежие Новости и Сообщения.