+7 (727) 267-28-83

Орал

21-22 қазан күндері Орал қаласында Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының 150 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан: әлеуметтік және мәдени кеңістіктегі кітапханалардың орны» атты халықаралық конференция өтеді.

Толығырақ...  

ЖМ

20 қазанда Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың 150 жылдығы қарсаңында қойнауы қазыналы, тарихы терең Ақжайық өңіріне барған ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақтың төрайымы Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы мен педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы Мұңалбаева Үмітхан Дәуренбекқызы қазақтың ақиық ақыны Жұбан Молдағалиевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Толығырақ...  

Ақжайық

20 қазанда ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрайымы Б.Қ.Оспанова мен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ү.Д.Мұңалбаева Батыс Қазақстан облыстық "Aqjalyq" телеарнасының тікелей эфирінде сұхбат берді.

Толығырақ...  

АБ

20 қазанда ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрайымы Б.Қ.Оспанова мен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ү.Д.Мұңалбаева Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Алаш" халықаралық әдеби сыйлығының иегері, Құрмет орденінің иегері, ақын Ақұштап Бақтыгерееваның үйіне барып, жайықтың ақ шағаласы атанған қазақтың маңдайына біткен ақын қызының жеке кітапханасымен танысты.

Толығырақ...  

1Орал

20 қазанда ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрайымы Б.Қ.Оспанова мен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ү.Д.Мұңалбаева Орал қаласындағы Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, еліміздегі қазіргі кітап оқу мәселесі мен кітапхана ісінің жағдайы туралы ой бөлісті.

Толығырақ...  

домбыра

19 қазанда ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова залында Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің әртісі, Өнертану ғылымдарының магистрі Әсет Жұмабаевтың «Домбыра бас аспабына арналған оқу құралы» кітабының тұсаукесері өтті.

Толығырақ...  

кітап

19 қазанда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорына Австралиялық ақын, жазушы, аудармашы Ю Оуянның «Мельбурн, жалғыз ағаш» атты туындысы келіп түсті. Кітапты қазақ тіліне аударған және алғы сөзін жазған ақын, сыншы, драматург Ардақ Нұрғазы табыстады.

Толығырақ...  

невада

19 қазанда Н.Дәулетова атындағы залда Семей сынақ полигоны аумағындағы ядролық  жарылыстың тоқтатылған күніне орай «Невада-Семей» ядролық жарлысқа қарсы халықаралық қозғалыстың ардагерлері мен белсенділерінің дөңгелек үстелі өтті.

Толығырақ...  

Сайтта

Қазір сайтта 499 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.