+7 (727) 267-28-83

Жәрмеңке

2025 жылғы 23 сәуірде ҚР Ұлттық кітапханасында Ұлттық кітап күні мерекесіне орай арнайы алаңда отандық баспалар мен кітап дүкендерінің қатысуымен кітап  жәрмеңкесі өтті.

Толығырақ...  

Әке мен бала

Сәуір айының 23-жұлдызында алғаш рет аталып өтілетін «Ұлттық кітап күні» және Абайдың туғанына 180 жыл, Тұрағұл Абайұлының туғанына 150 жыл толуына орай «ӘКЕ МЕН БАЛА: ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ» атты абайтанушы ғалымдармен ғылыми-танымдық жүздесу өтті. Аталмыш шара ұлы ақынның мұрасын насихаттап, ұрпақтар сабақтастығын көрсетуге бағытталды.

Толығырақ...  

Кітап күні

Бүгін «Ұлттық кітап күні – Ұлттық кітапханада» атты ауқымды кітап мерекесі өтті.

Толығырақ...  

Конвент

Ұлттық кітап күні аясында ҚР Ұлттық кітапханасының 115 жылдығына жəне Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері Бердіғалиева Роза Аманғалиқызының туғанына 80 жыл толуына орай «Уақыт жəне кеңістік ағымындағы кітапхана» атты Республикалық жастар конвенті өтті.

Толығырақ...  

конаев

2025 жылғы 21 сәуірде Қонаев қалалық кітапханасының орталық алаңында кітапхананың толық жаңғыртылуы мен ашылуына орай «Руханияттың шамшырағы – КІТАП» атты мерекелік кеш өтті.

Толығырақ...  

оцифр

Бүгін Цифрлық технологиялар қызметінің жетекшісі Шуленбаева Айтолқын Нұрсағатқызы мен Ақпараттық ресурстар қызметінің жетекшісі Сыдықжанова Флора Өскенбайқызы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының Ұлттық кітап күні аясында ұйымдастырған «Цифрлық кітапханалар және білім болашағы: эволюция, қолжетімділік және қоғамға әсері» тақырыбындағы онлайн-вебинарға қатысты.

Толығырақ...  

выездн

2025 жылғы 23 сәуір - Ұлттық кітап күніне орай өткізілетін іс-шаралардың апталық циклі шеңберінде 21 сәуірде оқырмандарды көшпелі тіркеу және Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының айырбастау-резервтік қорынан Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжінің кітапхана қорына кітаптар сыйға тарту етті. Ұлттық кітапхананың оқырмандары ретінде колледждің 170 студенті мен 30 қызметкері тіркелді.

Толығырақ...  

обзор сирек 2025 жылғы 21 сәуірде Ұлттық кітап күні мерекесі аясында өткізілетін апталық шара шеңберінде 21 сәуір – «Кітап. Тарих. Шежіре» Сирек және құнды, ерекше кітаптар күніне орай ҚР Ұлттық кітапханасының Сирек кітаптар мен қолжазбалар қызметінің оқу залында «Қазақ кітабының сырлы шежіресі» және «Ерекше әлем» атты сирек кітаптар көрмесінің таныстырылымы өтті.

Толығырақ...