+7 (727) 267-28-83

канат гл2024 жылғы 14 ақпанда ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында жас қаламгер, публицист, ҚР Ұлттық кітапханасының қызметкері Қанат Алтынбектің «Апамның алақаны» атты тұңғыш әдеби кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Толығырақ...  

айманов гл

Өнер бөлімінің оқу залында театр және кино актері және режиссер, музыкант, Қазақстан және КСРО Халық әртісі Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың 110 жылдығына арналған «Жұлдыздай жарқын биік тұлға» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Толығырақ...  

сыдыков гл2024 жылғы 9 ақпанда ҚР Үлттық кітапханасының қорына Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, белгілі қылқалам шебері Сыдықов Журат Құрбанұлы «Журат Сыдықов» атты альбом-кітабын сыйға тартты.

Толығырақ...  

макатаев гл

2024 жылғы 9 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының «Әдебиет академиясы» залында  белгілі ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған «Мен кімнің қазынасын ұрлап едім» атты поэзия кеші ұйымдастырылды.

Толығырақ...  

Афган гл

Әлем әдебиеті залында кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуына арналған «Ауған соғысы – ұмытылмас естелік» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Толығырақ...  

реставр семинар гл2024 жылғы 6-7 қаңтар күндері Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Консервация, қалпына келтіру және түптеу қызметінің мамандары Астана қаласы Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында өткен «Каллиграфия және Ислам Республикасының жазба мұрасын қалпына келтіру өнері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинарға қатысты.

Толығырақ...  

обсуждение гл

2024 жылғы 7 ақпан, сағат 11.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетіне берген «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек» атты сұхбаты аясында ҚР Ұлттық кітапханасының жастары арасында «Ұлттық бірегейлікті нығайту жолында» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Толығырақ...  

кытай гл2 ақпанда ҚР Ұлттық кітапханасының Үлкен залында Алматы қаласындағы Қытай Халық Республикасының Бас консулдығымен бірлесіп ұйымдастырған «Қытай өркениетімен танысу – Поэтикалық Чанъань, жарқын өркениет туралы жады» тақырыбында онлайн іс-шара өтті.

Толығырақ...