- Подробности
- Автор: editor
«Қазақстан кітаптары» қызметінің Ораз Жандосов атындағы оқу залында Кеңес Одағының Батыры Мәметова Мәншүк Жиенғалиқызының 100 жылдығына арналған «Қаһарман қазақ қызы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
- Подробности
- Автор: editor
6-24 маусым аралығында ҚР Ұлттық кітапханасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «ТЮРКСОЙ» кафедрасы «Шығыстану» факультетінің студенттері өндірістік тәжірибеден өтті. Тәжірибеден өту барысында студенттер Түркия кітап бұрышының қорына библиографиялық шолу өткізіп, қорғады.
- Подробности
- Автор: editor
21 маусымда Н. Дәулетова атындағы залда белгілі ғалым, түркі-парсы зерттеулерінің маманы Джу-Юп Ли «QAZAQLÏQ ЖӘНЕ ҚАЗАҚТАРДЫҢ ҚАЛЫПТAСУЫ. Постмонғолдық орталық Евразиядағы мемлекет және бірегейлік» атты кітабы аудармасының тұсаукесері және дөңгелек үстелі өтті.
- Подробности
- Автор: editor
Мерзімді басылымдар оқу залында Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдары мерекесі күніне арналған «Ақпарат айдыны» атты көрме ұйымдастырылды.
- Подробности
- Автор: editor
2022 жылғы 17 маусымда Н.Дәулетова атындағы залда ПЕН-клубтың кезекті отырысы өтті.
- Подробности
- Автор: editor
2022 жылғы 17 маусым, сағ. 11.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының Үлкен залында Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері, Еңбек Ері Әбіш Кекілбайұлының «Ұйқыдағы арудың оянуы» кітабының желісі бойынша түсірілген арнайы қойылымдары бар, толықметражды тарихи деректі фильмі көрсетілді.
- Подробности
- Автор: editor
16 маусымда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорына Уәлиханова Баян Шот-Аманқызы, әлемге әйгілі қазақ сәулетшісі, белгілі қоғам қайраткері, қаламы қарымды жазушы, публицист, драматург, ақын, Қазақстан Республикасының ұлттық жәдігерлері – Мемлекеттік Елтаңба мен ұлттық-мәдени бірегейліктің басқа да белгілерін жасаушы Шот-Аман Уәлиханның шығармашылығына арналған «Шот-Аман Уәлиханның шығармашылық мұрасы» - «Творческое наследие Шот-Амана Уалихана » атты жеті томдық жаңа туындыны сыйға тартты.
- Подробности
- Автор: editor
16 маусымда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасына Ресейдің Алматы қаласындағы консулы Т.В. Барышникова мен Шетелдік орыс мұрасы қорының өкілі А.Глазырин келді.
Жаңалықтарына жазылу
Подпишитесь на нашу рассылку, чтобы получать самые свежие Новости и Сообщения.