+7 (727) 267-28-83

11с26 қыркүйекте ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында қазақстандық фотожурналистиканың негізін қалаушылардың бірі, белгілі фототілші Сайлау Пернебаевтың 85 жылдығына арналған «Ақ пен қара» атты фотокітабының тұсаукесері және мерейтойлық жеке шығармашылық фотокөрмесінің ашылуы өтті.

 

Толығырақ...  

381005343 684927593669327 6097660960876417335 n

22 қыркүйек күні Қуандықов Қалдарбек Жүнісбайұлы - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Кеден, қаржы және экологиялық құқық» кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты ҚР Ұлттық кітапханасына арнайы келіп, «Жаңа Қазақстандағы ауыл шаруашылығы су пайдалану құқығы» атты монографиясының бірнеше данасын сыйға тартты.

Толығырақ...  

fre22

22 қыркүйекте Әзірбайжан Ұлттық кітапханасының 100 жылдық мерейтойына арналған мерекелік шаралар аясында көрнекті қазақстандық жазушы, қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалаушы, драматург, қоғам қайраткері Кемел Тоқаевтың 100 жылдық және белгілі әзірбайжан жазушысы Мір Жәлел Пашаевтың 115 жылдық мерейтойларына орай «Түркі әдебиетінің тарландары» атты дөңгелек үстел, сонымен қатар Кемел Тоқаевтың «Түнде атылған оқы» атты кітабының әзірбайжан тіліне және Мір Жәлел Пашаевтың «Таулардың жүрегі» атты қазақ тіліне аударылған кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтті.

Толығырақ...  

баку21 қыркүйекте Әзірбайжан Ұлттық кітапханасының 100 жылдық мерейтойына арналған мерекелік шаралар аясында өткен «Ұлттық кітапханалар - халықтардың рухани байлығының сақтаушысы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрайымы Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы қатысып, «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы және оның Қазақстанның құжаттық тарихи-мәдени мұрасын сақтаудағы рөлі»  атты тақырыпта баяндама оқыды, онда мемлекеттің тарихи-мәдени мұрасын сақтау, жан-жақты зерттеу және  дәріптеудің маңыздылығын атап өтті.

 

Толығырақ...  

дуда121 қыркүйекте М.Ф. Ахундов атындағы Әзербайжан Ұлттық кітапханасында өткен Еуразия кітапханалық ассамблеясының (ЕКА) кезекті XXVII жиынына Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрайымы Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы қатысып, сөз сөйледі.

Толығырақ...  

380661082 684109603751126 3509106793328774792 n

20 қыркүйекте Азербайжан Республикасы Ұлттық кітапханасының 100 жылдық мерейтойы аясында "Ұлттық кітапханалар - халықтардың рухани байлығының сақтаушысы" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның пленарлық отырысы өтті.

Толығырақ...  

18 1

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы DELNET дерек- қорына ашық және қашықтықтан қолжетімділікті қамтамасыз етеді. DELNET - кітапханалардың электрондық ресурстарын біріктіретін ағылшын тіліндегі дерекқор.

Толығырақ...  

каталогизатор

11-15 қыркүйек аралығында ҚР Ұлттық кітапханасының Каталогизатор мектебінде ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы, Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы және Ғ. Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының мамандары іс-тәжірибелік оқудан өтті.

Толығырақ...