+7 (727) 267-28-83

шеген гл

Мерзімді басылымдар залында жазушы Шеген Ахметовтің туғанына 110 жыл толуына орай «Шеген Ахметов – балалар әдебиетінің атасы» атты көрме ұйымдастырылды.

Толығырақ...  

жошы гл2024 жылғы 5 сәуірде ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Жошы Ұлысының 800 жылдығына арналған «Жошы Ұлысының тарихи-мәдени мұралары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Толығырақ...  

адам гл2024 жылғы 4 сәуірде ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында ақын, жазушы, сазгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Әкім Ысқақпен «Адам – өмір дәптері» атты әдеби-сазды шығармашылық  кездесу кеші өтті.

Толығырақ...  

соц гл

2024 жылғы 3 сәуірде Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Өнер бөлімі залында IFEAC (Францияның Орталық Азияны зертеу институты) ұйымдастырған «Социальные травмы и их преодоление в коллективной памяти и культурных репрезентациях: исторический опыт Центральной Азии» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті.

Толығырақ...  

франц гл

3 сәуірде ҚР Ұлттық кітапханасының қорына XIX ғасырдан бастап бүгінгі күнге дейінгі Орталық Азиядағы саяси және әлеуметтік өзгерістерді зерттейтін тарихшы, франциялық Орталық Азияны зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері Гзавье Аллездің «Француз және Алай – қырғыздың ерекше кездесуі, 1906 жыл» кітабы және пластик пакеттердің көмегімен сурет салатын қазақстандық заманауи суретші Сәуле Сүлейменованың «Қалдық естелік» кітабы сыйға тартылды.

Толығырақ...  

кыргыз гл

2024 жылғы 02 сәуірде Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына Қырғыз Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы Ш. Айтматов атындағы Тіл және әдебиет институтының директоры, академик А.Акматалиев бастаған делегация «Айтматов энциклопедиясын» дайындау барысында «Айтматов және Қазақстан» бағыты бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы келіп, кітапхана директоры Бақытжамал Қайырбекқызы Оспановамен кездесті.

Толығырақ...  

бальзак глӘлем әдебиеті залында француз жазушысы, прозашы, еуропалық әдебиетте реализмнің негізін қалаушы Оноре де Бальзактың 225 жылдығына арналған «Оноре де Бальзактың көркем әлемі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Толығырақ...  

сырсандык гл2024 жылғы 1 сәуірде ҚР Ұлттық кітапханасының қорына филология ғылымдарының кандидаты, доцент, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Филология және әлем тілдері факультетінің профессоры, ғалым Бұлдыбай Анарбай Сағиұлы қазақтың алып ақын-жазушыларының бірі, қазақ әдебиетінің тарихын қалыптастыруға үлес қосқан Сәкен Сейфуллиннің қазақ фольклорын жинақтау, зерттеу және жариялау саласына сіңірген еңбектерін саралауға арналған «Сырсандық. Сәкен Сейфуллин және фольклор» монографиясын сыйға тартты.

Толығырақ...