+7 (727) 267-28-83

однажды в новый год28 қарашада қазақстандық 2020-2025 жылдарға арналған «Оқитын мектеп» жобасы аясында № 46 гимназияда ҚР Ұлттық кітапханасы Әлем әдебиеті қызметінің қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі авторлардың «Однажды в Новый год» атты ертегілер жинағының тұсаукесерін өткізді.

Толығырақ...  

аидам

29 қарашада Астана қаласында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің ұйымдастыруымен мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің арасында өтіп жатқан жыл сайынғы дәстүрлі «Рухани қазына – 2023» фестивалінің аясында кітапхана саласы бойынша қазылар алқасының төрайымы, ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы мен Консервация, қалпына келтіру және түптеу қызметінің жетекшісі Шоманова Аида Мұратқызы  қатысушыларға  арнайы шеберлік сыныбын өткізді. 

Толығырақ...  

29қараша

29 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің «Так было» атты кітабының тұсаукесер рәсімі  өтті.

Толығырақ...  

айжәнемен

29 қарашада Ұлттық кітапханасында ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Елғондинова Заида Әміре-Қошақанқызының «Ай және Мен» атты таңдамалы жыр жинағының тұсаукесер рәсімі өтті.

Толығырақ...  

абай

28 қарашада ҚР Ұлттық кітапханасында «Абай» баспасынан жарық көрген 35 кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті.

Толығырақ...  

руханиқазына

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы 2023 жылғы 27 қараша және 1 желтоқсан күндері арасында Астана қаласында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің ұйымдастыруымен мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің арасында өтіп жатқан жыл сайынғы дәстүрлі «Рухани қазына – 2023» фестивалінің қазылар алқасының құрамында кітапхана саласы бойынша отырыстарға қатысуда.

Толығырақ...  

цбс

27 қарашадан – 01 желтоқсан аралығанда Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде Мәдениет және спорт министрінің «Мемлекеттік мәдениет ұйымдарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің қағидалары мен шарттарын бекіту туралы»  2016 жылғы 29 маусымдағы № 189 бұйрығына сәйкес  кітапхана  қызметкерлері жоспарлы аттестациялаудан өтуде.

Толығырақ...  

толе би

«Қазақстан кітаптары» қызметінің О. Жандосов атындағы оқу залында қазақтың көрнекті қайраткері, Ұлы жүздің бас биі, «Жеті жарғы» заңдар жинағы авторларының бірі, шешен, ақын Төле бидің 360 жылдығына арналған «Төле бидің тәлімі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Толығырақ...