+7 (727) 267-28-83

Ершуов гл

2024 жылғы 15 қазанда ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында ақын Аманқос Ершуовтың «Қасиетті қазына», «Бармақбайдың басынан кешкендері», «Ақмешіт» атты кітаптарының және ақын, прозашы, Қазақстан Жазушылар одағы мен Еуразия Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Маржан Ершудың «Қыпшақ Қоңыр» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Толығырақ...  

Бердібек гл

2024 жылғы 15 қазанда ҚР Ұлттық кітапханасының Үлкен залында ЮНЕСКО көлемінде аталып өтіп жатқан қазақ әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Бердібектің биігі» атты еске алу кеші және «Таңдамалы», «Ағасы мен қарындасы» кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтті.

Толығырақ...  

Ереван гл2024 жыл 08-13 қазан күндері Ереван қаласында (Армения) Месроп Маштоц атындағы «Матенадаран» көне қолжазбалар ғылыми-зерттеу институтында ҚОЛЖАЗБАЛАР МЕН БАСПА МҰРАЛАРДЫ САҚТАУ ЖӘНЕ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУДІҢ ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ АТТЫ (FACES OF MEMORY: The Latest Technologies for Preservation and Restoration of Manuscript and Printed Heritage) XIIІ халықаралық ғылыми семинарға Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасынан Сирек кітаптар мен қолжазбалар қызметінің жетекшісі Гүлшат Абикова және Консервация, қалпына келтіру және түптеу орталығының қызметкерлері Ұзынжасова Гүлнар және Скендер Нұрдәулет қатысып қайтты.

Толығырақ...  

11 гл

11 қазанда ҚР Ұлттық кітапханасы мамандарының қатысуымен Қазақстандық Кітапханалық Одақтың кезекті секциялық жұмыс отырысы тақырыптық семинармен жалғасты.

Толығырақ...  

алтай би гл

2024 жылғы 11 қазанда ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, «Парасат» орденінің иегері, ақын, аудармашы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының Бас директоры Дүкен Мәсімханұлының «Алтай би» атты тарихи дастанының тұсаукесері өтті.

Толығырақ...  

Фараб гл

2024 жылғы 10 - 11 қазанда «Қазақстандық Кітапханалық Одақ» (ҚКО) заңды тұлғалар бірлестігінің жыл сайынғы жылжымалы жұмыс отырысын Түркістан қаласындағы Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында өтуде.

Толығырақ...  

делегация гл

Қазақстандық Кітапханалық Одақтың кезекті секциялық жұмыс отырысы аясында ҚР Ұлттық кітапханасынан келген делегация құрамына алғыс айтып жылы лебіздерін білдірді.

Толығырақ...  

ҚКО марапат гл

10 қазанда Түркістан облыстық Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының үлкен залында «Қазақстандық Кітапханалық Одақ» (ҚКО) заңды тұлғалар бірлестігінің жыл сайынғы жылжымалы жұмыс отырысының ашылу салтанатында ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық кітапханалық Одақтың төрағасы Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы Абай атындағы Абай облыстық әмбебап кітапханасына 140 жылдығымен, Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына 90 жылдығымен, Астана қаласы әкімдігінің ОКЖ 50 жылдығымен құттықтап кітапхана басшыларына құттықтау хаттарын табыстады.

Толығырақ...