- Подробности
- Автор: editor
2022 жылғы 2 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы директорының ақпараттық технологиялар және инновациялар жөніндегі орынбасары Н. А. Искалиева Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі реставратор, «Қырым аралы» ғылыми-қалпына келтіру зертханасының негізін қалаушы және жетекшісі Қырым Алтынбековтің 70 жылдығына арналған «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қалпына келтіру және қайта құру» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.
- Подробности
- Автор: editor
2022 жылғы 1 желтоқсанда ҚР Ұлттық кітапхананың Үлкен залында «Анашым, мен тірімін!» атты фильмінің тұсауксері өтті.
- Подробности
- Автор: editor
23 қарашада Н. Дәулетова атындағы залында көрнекті ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сырбай Мәуленовтің 100 жылдық мерейтойына орай "Сыршыл лириканың сұлтаны" атты еске алу кеші өтті.
- Подробности
- Автор: editor
2022 жылғы 28-30 қараша аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Маңғыстау облысы кітапханаларының қызметкерлері пайдаланушыларға кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету, библиографиялық көрсеткіштер мен дерекқорларды қалыптастыру, «Web-RABIS» бағдарламасының модульдерін пайдалану бойынша тәжірибелік оқытудан және тағылымдамадан өтіп, сертификаттар алды.
- Подробности
- Автор: editor
2022 жылғы 29 қарашада Н. Дәулетова атындағы залда ақын-импровизатор, композитор, Қырғызстан Республикасының Халық әртісі Элмирбек Иманалиевтің «Аманат» атты қазақ тіліндегі кітабының (ауд. айтыскер ақын Айбек Қалиев) тұсаукесері өтті.
- Подробности
- Автор: editor
2022 жылғы 29 қарашада ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор, «Тіл жанашыры» төсбелгісінің иегері, еңбек ардагері Сейдін Бизақовтың 85 жылдық мерейтойына арналған «Қазақ сөзінің құнары» атты тілтанымдық мектеп семинар және «Қазақ тілінің синонимдер сөздігінің» бесінші басылымының тұсаукесер рәсімі өтті.
- Подробности
- Автор: editor
Өнер бөлімінің оқу залында Қазақстан және КСРО халық әртісі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, композитор, педагог, публицист, қоғам қайраткері Ғазиза Жұбанованың туғанына 95 жыл толуына орай «Қазақ музыкасының мақтанышы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Жаңалықтарына жазылу
Подпишитесь на нашу рассылку, чтобы получать самые свежие Новости и Сообщения.