- Подробности
- Автор: editor
7 желтоқсанда Н. Дәулетова атындағы залда Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай белгілі ғалым, ұстаз, физика ғылымдарының докторы, профессор, публицист Досан Баймолданың «Көз көрген асыл ағаларым» атты қазақ ұлтының мақсат-мүддесі жолында өзіндік ерекше қасиеттерімен жадында сақталған ағалары туралы естелік кітабының тұсаукесері өтті.
- Подробности
- Автор: editor
«Қазақстан кітаптары» қызметінің Ораз Жандосов атындағы оқу залында Алматы қаласындағы Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына арналған «Тәуелсіздік кіндігі – Желтоқсан!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
- Подробности
- Автор: editor
«Қазақстан кітаптары» қызметінің Ораз Жандосов атындағы оқу залында Қазақстан журналистика мектебінің негізін қалаушы, педагог, ғалым және қоғам қайраткері Тауман Салықпайұлы Амандосовтың 100 жылдығына орай «Қазақ журналистикасының сардары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
- Подробности
- Автор: editor
3 желтоқсанда ZOOM платформасында бейнебайланыс режимінде Еуразиялық Кітапханалар Ассамблеясы мүшелерінің жалпы жиналысы өтті, оған ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Бақытжамал Қайырбекқызы Оспанова және директордың ақпараттық технологиялар және инновациялар жөніндегі орынбасары Нүрия Аманғалиқызы Искалиева қатысты. Ұйымдастырушылар – Еуразиялық Кітапханалар Ассамблеясы, Ресей мемлекеттік кітапханасы және А. Науаи атындағы Өзбекстан Ұлттық кітапханасы.
- Подробности
- Автор: editor
2-3 желтоқсан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Н. Дәулетова атындағы залда «Жібек жолы: Ферғана-Сырдария дәлізі» трансұлттық номинациясын дайындау бойынша жұмыс тобының тәжірибелік семинары өтті.
- Подробности
- Автор: editor
1991 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстанда алғашқы бүкілхалықтық президент сайлауы өтті. Оның нәтижесінде халықтың қолдауына ие болған Н.Ә. Назарбаев ел Президенті болып сайланды.
- Подробности
- Автор: editor
2 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорына Алексей Тиваненконың «Жоғалған патшалықты іздеу: Меркіт тайпасының құрдымға кетуі» атты кітабын орыс тілінен аударған Ержан Әбзалқанұлы сыйға тарту етті.
- Подробности
- Автор: editor
30 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына Алматы қаласы Мәслихатының VII шақырылымының депутаты, «Нұр Отан» ХДП Өңірлік даму жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңестің төрағасы, «АЗМК» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Шардинов Шухрад Ахметжанұлы достық сапармен келді.
Жаңалықтарына жазылу
Подпишитесь на нашу рассылку, чтобы получать самые свежие Новости и Сообщения.