- Подробности
- Автор: editor
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ҚР Ұлттық кітапханасы Кәсіподақ комитеті мен Жастар кеңесінің ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өтті.
- Подробности
- Автор: editor
1 маусымда ҚР Ұлттық кітапханасының Үлкен залында 1 маусым − Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Көкжиек - Горизонт» баспасынан шыққан «Я вам сказку расскажу. Сказки Казахстана» атты 32 этностық ертегілер жинағының тұсаукесері және балаларға арналған музыкалық кеш өтті.
- Подробности
- Автор: editor
1 маусымда ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы Алматы қаласы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ұлтты оятқан ұлылар» атты Алаш арыстарының тұлғалық ерекшеліктерін таныту мақсатында режиссер-сценарист Есжан Мұрат Нұрәкімұлымен кездесу өтті.
- Подробности
- Автор: editor
30 мамырда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Әдебиет академиясында жазушы Хайдар Байзақовпен шығармашылық кездесу кеші өтті.
- Подробности
- Автор: editor
30 мамырда Репрессияға ұшыраған Қазақстан зиялыларының мұрасын зерттейтін «Арыс» қорының президенті Ғарифолла Әнестің шақыруыменен ҚР Ұлттық кітапханасының мамандары Матаева Нұрзада Төкенқызы мен Нүсіпбекова Гүлбану Тұрсынқұлқызы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Талғар ауданы, Жаңалық ауылындағы «Саяси қуғын-сүргін құрбандары» музейінде өткен «Азалы жылдар мен азапты жолдар: тарих сабағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.
- Подробности
- Автор: editor
Өнер бөлімінің оқу залында музыкатанушы, композитор, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, өнертану ғылымдарының докторы, Қазақ КСР ҒА-ның корреспондент-мүшесі Борис Ерзаковичтің 115 жылдық мерейтойына арналған «Қазақ музыкасының белгілі зерттеушісі - Борис Ерзакович» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
- Подробности
- Автор: editor
29 мамырда ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Ұмытылмас күн!» атты Халықаралық дөңгелек үстел өтті.
- Подробности
- Автор: editor
24-27 мамыр аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Ғылыми-әдістемелік қызметінің жетекшісі Маханбетова Гүлмира Абылайханқызы «Ақпараттық қоғамдағы мұралар институты және кітап, оқу дағдысы» тақырыбында өткен ІІІ-ші Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты (Қырғыз Республикасының Ұлттық тарихи мұражайы, Бішкек қ.).
Жаңалықтарына жазылу
Подпишитесь на нашу рассылку, чтобы получать самые свежие Новости и Сообщения.