- Подробности
- Автор: editor
27 мамырда ҚР Ұлттық кітапханада кітапхананың 110 жылдық мерейтойына орай «Хабар» агенттігі Алматы филиалының директоры Хангельдина Қымбат Садықбекқызы бастаған «Хронограф - 2021» деректі фильмінің түсірілім тобымен кітапхана ұжымы арнайы кездесу өткізді.
- Подробности
- Автор: editor
26 мамыр, сағ. 11.00-де Н. Дәулетова атындағы залда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы және «Мәкей Еркінбеков 1920-1940 жылдардағы ағарту ісінің ұйымдастырушысы» атты онлайн Республикалық ғылыми-практикалық конференция аясында Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мұғалімі Мәкей Еркінбековтің 125 жылдық мерейтойына орай режиссер Мұхтар Умаровтың «Мәкей төренің құпиясы» деректі фильмі мен жазушы Ілескен Әлбатырұлының «Мәңгілік елдің Мәкейі» кітабының тұсаукесері өтті.
- Подробности
- Автор: editor
26 мамырда директордың Ақпараттық технологиялар және инновациялар жөніндегі орынбасары Н.А. Искалиева және ҚР Ұлттық кітапханасының Мерзімді басылымдар қызметінің жетекшісі С.Т.Тұяқова Тыва Республикасы (Қызыл қаласы) А.С.Пушкин атындағы Ұлттық кітапхананың 90 жылдығына арналған "Ұлттық кітапхана: уақыт байланысы және даму векторы" атты халықаралық аймақаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысты.
- Подробности
- Автор: editor
«Қазақстан кітаптары» қызметінің Ораз Жандосов атындағы оқу залында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Ақтаңдақтар туралы ақиқат» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
- Подробности
- Автор: editor
25 мамырда ҚР Ұлттық кітапханасының «Парасат жолы» орталығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызмет бағыттарын түсіндіруге арналған жиналыс өтті.
- Подробности
- Автор: editor
25 мамырда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, Орталық Азия бойынша ИФЛА/PAC орталығы, М.И. Рудомино атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік шетел әдебиеті кітапханасы, ТМД және Шығыс Еуропа үшін IFLA/PAC орталығы «Кітаптардың биозақымдалуы: алдын алу, айқындау, өңдеу және қорғау әдістері» атты халықаралық семинар өткізді. Іс-шара офлайн және онлайн форматта өтті.
- Подробности
- Автор: editor
21 мамыр, сағ. 11.00-де Н. Дәулетова атындағы залында белгілі кинотанушы, көрнекті ғалым, Қазақстандағы кәсіби кинотанудың негізін қалаушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, ұлағатты ұстаз Бауыржан Нөгербектің өмірі мен шығармашылығына арналған «Кинотанушы Бауыржан Нөгербек» атты кітаптың тұсаукесері өтті.
- Подробности
- Автор: editor
17-21 мамырда ҚР Ұлттық кітапханасының Каталогизатор мектебінде М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының мамандары: Ғ.Абдрахманова, М. Ивахина, С. Кәкімова, А. Төлешова, Ж. Хажымұқан тағылымдамадан өтті.
Жаңалықтарына жазылу
Подпишитесь на нашу рассылку, чтобы получать самые свежие Новости и Сообщения.