2019 жылғы 18 мамыр, сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі ақын, Әлем Адамы Олжас Сүлейменовтің туған күніне орай шығармашылық кеші және «Молодые стихи», «Этимологияға кіріспе», Ермек Алдановтың «Олжас и Я» атты 3 бірдей кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті.
Шараның модераторы тарих ғылымдарының докторы, профессор Сағымбай Қозыбаев болды.
Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы құттықтау сөзбен ашып, Ұлттық кітапхана ұжымы атынан арнайы сыйлық табыстады.
Ақынның шығармашылық кешіне Сафар Абдулло, Бақытжан Қанапиянов, Ғалымқайыр Мұтанов, Ермек Тұрсынов т.б зиялы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлері ізгі-тілектерін білдірді.
Бұл күні бүкіл халықтың сүйіспеншілігіне бөленген ақынның табынушыларына жылы ниетті және достық атмосферада жүздесуге, автордың өз аузынан жаңа шығармаларын тыңдауына, сондай-ақ қолтаңбасын алуға тамаша мүмкіндік берілді.
Бұл қазіргі заманның біртуар тұлғасы Олжас Сүлейменовпен, оның жақын достары мен Қазақстанның ғылыми және шығармашылық элитасының өкілдерімен, жақын-алыс шет елдердің жазушыларымен ұмытылмас кездесуі болды. Кеш ерекшелігі - жанды сөз бен жанды жүздесу!
Шара аясында Ұлттық кітапхана қорынан Олжас Сүлейменовтің өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі қойылып, «Игра» театрының актерлік мектеп оқушылары Олжас Сүлейменовтің өлеңдерінен арнайы сахналық қойылым жасады.
Іс-шараға белгілі қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, Алматы қаласы ЖОО-ңын студентері және қала қонақтары, кітапхана оқырмандары мен БАҚ өкілдері қатысты.