+7 (727) 267-28-83

2019 жылғы 22 мамырда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Алматы қаласының Әкімшілігінің жанындағы «Қоғамдың келісім» КММ этномәдени бірлестіктері өткізген жиналысы шеңберінде «Қазақстан этностары» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

IMG 20190522 WA0055Жиналысты Қазақстан Президентін сайлау алдындағы науқан аясында «Біздің таңдауымыз  ̶  бірлік пен келісім» тақырыбында этномәдени бірлестік өткізді.  

ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан ұйымдастырылған «Қазақстан этностары» кітап көрмесінде Қазақстан аумағында тұратын түрлі ұлттардың тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі туралы материалдар қойылды.

Іс-шара қонақтарына «Қазақстан кітаптары» қызметінің топ жетекшісі К.Н.Қасымбекова кітап көрмесін таныстырды. Кездесуде этномәдени бірлестіктер жұмысына белсене атсалысып жүрген тұлғалар  марапатталып, шағын музыкалық концерт ұсынылды.Іс-шараға Алматы қ. Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері мен мүшелері,  зиялы қауымдар, ЖОО студенттері және қала мектептерінің оқушылары қатысты.

IMG 20190522 WA0072 IMG 20190522 WA0074 IMG 20190522 WA0078

 Кітап көрмесіне келіңіздер!