+7 (727) 267-28-83

2019 жылғы 24 сәуір  сағат 16.00-де Кітапханатану залында "Қытай менің өмірімде" циклі аясында белгілі қазақстандық шығыстанушы, тарихшы, синолог, тарих ғылымдарының докторы, профессор Хафизова Клара Шайсұлтанқызымен кездесу өтті. Кездесуде "Ұлы қорғанның шексіз тарихы" атты кітап көрмесі ұсынылды.

Клара ХАФИЗОВА

Мерекені Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Б. Оспанова ашып,  80 жылдық мерейтойымен құттықтады. Іс-шараны – тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Шаймерденова Кайни Габбасқызы  жүргізді.

         Зерттеуші К. Хафизованың еңбектері, өмірі мен қызметі туралы қытай мұрағаттарында Қазақстан тарихын зерттеуде: журналист, тарихшы-шығыстанушы Мунир Ерзин; жазушы, Қазақстан географиялық қоғамының мүшесі Иминов Исмаилжан; "Қайнар" университеті оқу бөлімінің меңгерушісі Мадинова Алтын Қайырқызы және басқа да шақырылған қонақтар сөз сөйледі. Іс-шараға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Қазақ - Қытай тілдер колледжінің студенттері, магистранттар, докторанттар, кітапхана және БАҚ қызметкерлері қатысты.

        "Ұлы қорғанның шексіз тарихы" атты кітап көрмесіне автордың кітапхана қорынан әр тілдердегі жұмыстары қойылды. Кездесуге қатысушыларға Әлем әдебиеті қызметінің қызметкерлері Г. Мырзакеримова мен А. Жолдасбай дайындаған К. Хафизова туралы слайд-шоу көрсетілді.

4PY Rjrft48 7Ja93YyYQ70
U1qMuRUrqqo