+7 (727) 267-28-83

   ҚР Ұлттық кітапханасы және АҚШ Конгресінің кітапханасы 2009 жылы өзара ынтымақтастық және Ғаламторда әлемнің әртүрлі елдерінің мәдениеті жайлы көптілдік форматтағы көлемі ауқымды материалдарға тегін қолжеткізу мүмкіндігі үшін Әлемдік сандық кітапхананы дамыту жөнінде Келісім жасасты. Әлемдік сандық кітапхананың негізгі мақсаты – халықаралық және мәдениетаралық түсіністікке ықпал ету, Ғаламтордың мәдени мазмұнын кеңейту және түрлендіру, мұғалімдер, ғалымдар және қызығушылық танытушы барлық азаматтарға ақпараттық ресурстарды жеткізу, мемлекетішілік және мемлекетаралық сандық технологиядағы үзілісті қысқарту үшін серіктес-мекемелер арасындағы мүмкіндіктер көлемін ұлғайту.

  Әлемдік сандық кітапхана сайтында www.wdl.org./ru/search/gallery/?institution=national-library-of-kazakhstan ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан бірегей рариттер орналастырылған. Олар Сирек кітаптар мен қолжазбалар қорындағы 4 құжаттың  электрондық көшірмелері: Абай Құнанбаевтың шығармалары (СПб, 1909); екі қолжазба – Қожа Ахмет Ясауидің (XVIII ғ.) Рисаласы (Миратул-кулуб) және Насаб-намасы (Қожа Ахмет Ясауидің ата-тегі жайында 1687/88); Бұқара, Хиуа және Қоқан хандықтары және Орыстық Түркістанның бөлігінің картасы (1875 ж.). Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының осы жобаға қатысуы нәтижесінде әлем пайдаланушылары кітапхананың сирек кітаптар мен қолжазбалар қорындағы қазақ халқының мәдени мұрасы болып табылатын құнды құжаттармен танысу мүмкіндігіне қол жеткізді.