+7 (727) 267-28-83

Авторлық-құқықтық қатынастарды реттейтін  негізгі нормативтік акті Қазақстан Республикасының  1996 жылдың 10 маусымында қабылданған Авторлық құқық және аралас құқық (27.07.07ж. өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) туралы Заңы. Осы Заңға сәйкес кітапханалар тек авторлармен жазбаша келісім-шарт жасасқаннан кейін ғана  шығарманың электронды көшірмесін жасай алады. Авторлық келісім-шартты Ұлттық кітапхана  Қазақстан Республикасының  Авторлық құқық және аралас құқық туралы Заңына  сәйкес құрастырған.

  Қазіргі әдеби басылымдардың кітапханасын жасау жобасы 2007 жылдан бері жүзеге  асырылып келеді. Дүйсенбек Нақыпов, Эрнест Төреханов, Аслан Жақсылықовтар - Ұлттық кітапханаға өз шығармаларының электрондық  көшірмесін жасауға және оларды кітапхананың электрондық  каталогы мен сайтында орналастыруға рұқсат ететін Авторлық келісім-шарт жасаған алғашқы жаңашыл авторлар. Қазіргі уақытта Авторлық келісім-шарттар Д.Кішібеков, Ү.Тәжікенова, А.Жақсыбаев, Ә.Сығай, Н.Жмеренецкаямен және басқалармен жасалды. Авторлық келісім-шарттар Ұлттық кітапхананың кітапты насихаттауға және оқуға баулуға арнап өткізетін іс-шараларының негізінде жасалып жүр. Кітап оқуға құштарлықты арттыру – Ұлттық кітапхананың басты мақсаттарының бірі. Оқу мәдени және ұлттық құндылықтарды жетік меңгерудің аса маңызды элементі, қоғам мүшелерінің азаматтық ұстанымын қалыптастырудың және оларды отаншылдыққа тәрбиелеудің маңызды құралы болып табылады. Айтылған Жоба Қазақстанның қазіргі заманғы әдебиетінің  қорына он-лайн режимінде ашық қол жеткізуге және Автор мен Оқырманның рухани байланысының мазмұндырақ бола түсуіне  ықпал етіп отыр.

   Ұлттық кітапхана осы Жоба дамуының шеңберінде авторларды, баспагерлерді және шығармалардың құқық иелерін серіктестікке шақырады.