+7 (727) 267-28-83

Шолохов

Әлем әдебиеті қызметінің залында Нобель сыйлығының лауреаты, орыс жазушысы, журналист және киносценарист Михаил Александрович Шолоховтың 120 жылдығына арналған «Кітапты жан-тәніңмен сүй» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Шолохов Михаил Александрович 1905 жылы 24 мамырда Вешенская қонысының Кружилинский ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. 1923 жылы «Юношеская правда» газетінде «М.Шолохов» қолтаңбасы бар алғашқы «Испытание» фельетоны жарияланды. Келесі жылы оның «Родинка» атты алғашқы әңгімесі жарық көрді. Бұл тәжірибелер көпшіліктің назарын өзіне бірден аударған «Донские рассказы» (1926) шығармасын жасауға итермеледі. 1925 жылы М.Шолохов Мәскеуден отанына оралып, өмірінің басты еңбегі – «Тихий Дон» романына кіріседі. Романның алғашқы екі кітабы 1928 жылы жарық көрді. «Поднятая целина» романы 1932 жылы жарияланды. 1940 жылы ХХ ғасырдың бірегей эпопеясы - «Тихий Дон» романының соңғы бөлімдері жарыққа шықты.

Ұлы Отан соғысы кезінде М.А.Шолохов «Правда» газетінің тілшісі ретінде армияның майданында болды. Ол очерктер, мақалалар, хат-хабарлар, «Наука ненависти»(1942) әңгімесін, «Они сражались за родину» романының тарауларын басып шығарды. Соғыстан кейінгі жылдары М.А.Шолохов журналистика саласында көп жұмыс істейді. Жазушының очерктері мен мақалалары «Слово о Родине» жинағында біріктірілді (1951, 1965 жж.). 1956-1957 жылдары «Судьба человека» хикаясы, 1959-1960 жылдары «Поднятая целина» романының екінші кітабы жарық көрді. 1960 жылы М. Шолоховқа «Поднятая целина» романының екінші кітабы үшін Ленин сыйлығын, ал 1965 жылы «Тихий Дон» романы үшін «Ресей үшін бетбұрыс кезеңіндегі Дон казактары туралы эпостың көркемдік қуаты мен идеялық-көркем тұтастығы үшін» негіздемесімен Нобель сыйлығы берілді.

М.А.Шолоховтың шығармашылығы кеңестік кинематографияның дамуына үлкен әсер етті. М.А. Шолоховтың шығармалары негізінде «Тихий Дон» (1930 ж.), «Поднятая целина» (1940 ж.) кинофильмдері қойылды, ол туралы 2003 жылы «Писатель и вождь» атты деректі фильм түсірілді. ЮНЕСКО аясында 2005 жыл - Шолохов жылы болып жарияланды. Ресей Жазушылар Одағының Орынбор филиалы 2020 жылы «Они сражались за Родину» әдеби Шолохов сыйлығын тағайындалды.

Михаил Александрович Шолохов 1984 жылы қайтыс болып, Дон жағалауындағы Вешенская ауылында жерленген.

Көрмеде ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан түрлі басылымдардың 50-ге жуық данасы көлемінде қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр, ағылшын, урду, суахили, хинди, испан, словак, моңғол, вьетнам, болгар, француз тілдерінде энциклопедиялар, альбомдар, монографиялар, автордың шығармалары, хаттары, естеліктері ұсынылған.

Барлығын кітап көрмесіне тамашалауға шақырамыз!