+7 (727) 267-28-83

Р чтения

22-23 сәуір аралығында ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы Дюсибаева Дариха Туребаевна және Әлем әдебиетінің қызметінің топ жетекшісі Аширова Фарида Гайдаровна Ресей мемлекеттік кітапханасында (РФ, Мәскеу қ.) «Румянцев оқулары» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.

Конференция аясында ТМД кітапханаларының Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Страницы подвига народов» атты кезектен тыс сессиясында ортақ тарихи жадыны сақтау, ТМД кітапханаларының қорларындағы соғыс жылдарындағы ең бай мұрағат материалдарын ашу және кеңінен насихаттау мәселелері талқыланды.

Д. Т. Дюсибаеваның «А. С. Пушкин атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік көпшілік кітапханасының Ұлы Отан соғысы жылдарындағы оқырмандармен және майдангер қызметкерлермен хат алмасуы» және Ф. Г. Ашированың «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының көрме қызметі және Алматы қалаларына эвакуацияланған ұжымдармен жұмыс» атты баяндамалары конференцияға қатысушылардың қызығушылығын тудырды.

Румянцев оқуларына кітапханалардың, мұрағаттардың, мұражайлардың, жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттарының, баспалардың мамандары, мемлекеттік құрылымдармен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Р чтения 3   Р чтения 1   Р чтения 2