2025 жылғы 21-25 сәуір аралығында ҚР Ұлттық кітапханасы жанындағы Каталогизатор мектебінде А. Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының кітапханашысы Нургиза Мусаева тағылымдамадан өтті.
Мусаева Нургиза каталогтау бойынша халықаралық және ұлттық құжаттармен, библиографиялық жазба құру ережелерімен, каталогтаудың негізгі қағидаларымен, сондай-ақ, қорды толықтыру, анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсету және өнер бөлімі жұмыстарымен танысты. Кәсіби біліктілікті арттыру аясында ҚР Ұлттық кітапханасымен таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылып,Ұлттық кітап күніне арналған іс-шараға қатысты. Курс соңында сертификат табысталды.