+7 (727) 267-28-83

Мо Янь23

2025 жылғы 23 сәуірде сағат 12:00-де Ұлттық кітап күнін мерекелеу аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының үлкен залында Гонконг ашық университетінің филология ғылымдарының құрметті докторы, әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты, қытай жазушысы Мо Яньмен «Әлем әдебиеті – ұлт руханиятының өзегі» тақырыбында онлайн кездесу өтті.

2025 жылғы 23 сәуірде сағат 12:00-де Ұлттық кітап күнін мерекелеу аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының үлкен залында Гонконг ашық университетінің филология ғылымдарының құрметті докторы, әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты, қытай жазушысы Мо Яньмен «Әлем әдебиеті – ұлт руханиятының өзегі» тақырыбында онлайн кездесу өтті. Іс-шара Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулдығының қолдауымен кітапханадағы Қытайдың мәдениет және әдебиет залының қызметі аясында өтті.

Шараны А.Байтұрсынұлы музей-үйінің ғылыми қызметкері Әділет Ахмет жүргізді. Онлайн кездесу ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Ғ.Қ. Нұрғалиева және Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулы Цзян Вэй ханымның құттықтауымен басталды. Қазақстан Жазушылар одағы атынан Жүсіпбек Қорғасбек сөз сөйледі. Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры Дүкен Мәсімханұлы мен тарих ғылымдарының докторы, профессор Нәбижан Мұхаметқанұлы жиналған қауымды жазушының шығармашылығымен таныстырды.

Кездесу барысында Мо Янь қазақстандық авторлармен және олардың шығармаларымен жақынырақ танысқысы келетінін, сондай-ақ, қазіргі әдебиеттің дамуы туралы ой-пікірлерімен бөлісіп, шығармашылық жолы мен шабыт көздеріне тоқталып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Автор өзінің «Шарап елі», «Қызыл гаолян» және «Бақа» сияқты атақты шығармаларын ерекше атап өтті.

Шара аясында қатысушылар назарына ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы виртуалды кітап көрмесі ұсынылды.

Кездесуге жазушылар, студенттер, мұғалімдер, кітапхана оқырмандары және Қытай әдебиеті мен мәдениетіне қызығушылық танытқандардың барлығы қатысты. Іс-шара қатысушылардың көңілінен шықты және ерекше әсер қалдырды.

Іс-шараны ұйымдастырушылар Мо Яньға қызықты сұхбаты үшін алғыс айтып, екі ел арасындағы әдеби диалогты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді. Іс-шараның белсенді қатысушыларына ҚР Ұлттық кітапханасы атынан алғыс хаттар мен кітаптар табысталды.

Мо Янь23 1   Мо Янь23 2   Мо Янь23 4   Мо Янь23 3