+7 (727) 267-28-83

ҚР Ұлттық кітапханасы «Эталон» дерек  қорларына қол жетімділікті қамтамасыз етеді:

2 қабат, Анықтама-библиография бөлімі,

Жауапты – Бердалиева Күләйхан

Байланыс тел.: 267-28-62

e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

«Asia Legal & Business Consulting» ЖШС-нің мамандары Қазақстандағы нормативті құқықтық актілерге байланысты жобалармен жұмыс істеу барысында Республикадағы нормативті-техникалық құжаттамаларды іздеу және оларды зерттеп-зерделеу мәселесімен бетпе-бет келді.

Ақпараттың осы түріне қатысты өткір сезілетін мамандар тапшылығын шешу мақсатында «Asia Legal & Business Consulting» ЖШС нормативті-техникалық құжаттамалардың жеке меншік электрондық дерек қоры – «Эталон» бағдарламалық өнімін әзірледі.

«Эталон» ДҚ – жүйеленген және кәсіби өңдеуден өткен нормативті-техникалық құжаттамалармен жұмыс жасауда жеңіл игерілетін әрі ыңғайлы құрал.

Мәліметтерді тұтас күйінде сақтауға, жылдам тауып, талдау жасауға мүмкіндік беретін бірегей бағдарламалық технология арқасында «Эталон» ДҚ нормалармен, ережелермен, стандарттармен жұмыс жасайтын мамандардың сұранысын тудырады. Бұл мамандар – ұйым жетекшілері, инженерлер, технологтар, сәулетшілер, жобалаушылар, сметашылар және т.б.

«Эталон» дерек қорында Қазақстан Республикасында, Ресей Федерациясында, бұрынғы КСРО, ТМД мемлекеттерінде және т.б. елдерде қабылданған нормативті-техникалық құжаттамалар, яғни нормалар, ережелер, стандарттар (СНиП, ГОСТ, ГОСО РК, ЕТКС, ПОТ, ТОИР, ВНТП, ВСН, МСН, ППБ, ПУЭ, РД, РДС, РСТ, СН, СТ РК, СанПиН және т.б.), нұсқаулар, ұсыныстар, көмекші құралдар, жетекшілікке алынатын құжаттар бар. Сондай-ақ аталмыш құжаттармен қатар қолданылатын Қазақстанның нормативті заң актілері де (Конституция, кодекстер, заңдар) қамтылған.