+7 (727) 267-28-83

2016 жылы Алматы қаласының бухгалтерлік есеп, салық салу және қаржылық есептілік саласындағы бухгалтерлерді кәсіби даярлауға және біліктіліктерін арттыруға жәрдемдесу мақсатында Алматы қ. Кәсіпкерлер палатасы «Бухгалтерлер клубын» ашты. 
Клубтың негізгі мақсаты салық заңнамаларының ең өзекті әрі маңызды мәселелерін түсіндіру жолымен бухгалтерлердің кәсібилігін арттыру болып табылады. Осы уақыт ішінде салық салу және бухгалтерлік есеп тақырыбында көптеген маңызды мәселелер талкыланды. Бухгалтерлер ағартушылық-пікірталас кездесулерде мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесіп, олардың түйткілді, түсініксіз немесе даулы мәселелерге кәсіби тұрғыда түсіндірулеріне куә болды. 
Кездесулерге сарапшы ретінде кәсіби тренерлер, консалтингтік және аудиторлық фирмалардың өкілдері, Алматы қаласы Мемлекеттік кіріс департаментінің жетекші мамандары, қоғамдық бірлестіктер және т.б. шақырылады.