2025 жылғы 13-14 наурыз аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Консервация, қалпына келтіру және түптеу қызметінің мамандары Қырғыз Республикасы Бішкек қ. Орталық Азиядағы Америка университеті ұйымдастырған «Кітапхана қорларын консервациялау және қалпына келтіру негіздері» атты халықаралық семинар-тренингіне қатысты.
Халықаралық семинардың ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, Орталық Азиядағы Америка университеті, IFLA/РАС сақтау және консервация негізгі бағдарламасының Орталық Азия бойынша өңірлік орталығы. Семинар-тренинг Орталық Азия бойынша IFLA/РАС сақтау және консервациялау жөніндегі негізгі бағдарламасы өңірлік орталығының және ҚР Ұлттық кітапханасының Жазба құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру мектебінің қызметі аясында ұйымдастырылды.
Семинар барысында кітапхана қорларын алдын-ала консервациялау және қалпына келтіру бойынша Консервация, қалпына келтіру және түптеу қызметінің мамандары Шоманова А., Нұрмат М., Ұзынжасова Г., Биболова М. екі күндік жазба құжаттарды сақтау және қалпына келтіру бойынша шеберлік сабақтарын өткізді. Шеберлік сабақтардатренерлер құжаттарды сақтаудың ғылыми негіздері, құжаттардың зақымдану себептері мен түрлері, қағазды тұрақтандыру және бейтараптандыру әдістері, құжаттың сақталу жағдайын бағалау, парақ беттерін классикалық қалпына келтіруәдістері, түптеу қаптамаларын қалпына келтіру және түптеулерді жасау әдістері, кітап блоктарын өңдеу түрлері т.б. мәселелер бойынша теориялық біліммен және тәжірибелік дағдылармен бөлісті.
Тәжірибелік сабақтар аяқталғаннан кейін семинар қонақтарына Орталық Азиядағы Америка университеті бойынша экскурсия ұйымдастырылды.
Семинар аясында Орталық Азиядағы Америка университетінің президенті Тимоти О' Коннор мырзамен кездесу ұйымдастырылып, ынтымақтастықты жалғастыру бойынша мәселелер және университет жанында Maker Space алаңында кітапхана қорларын қалпына келтіру шеберханасы ашылу жайындаайтылды.
Халықаралық семинар - тренингке Қырғыз Республикасы Алыкул Осмонов атындағыҰлттық кітапханасы, Ұлттық Ғылым Академиясы Орталық ғылыми кітапханасы, Ш Айтматов атындағы әдебиет институтының Қолжазбалар қоры, Чу облыстық кітапханасы және Орталық Азиядағы Америка университеті кітапханасының мамандары қатысты.
![]() |
![]() |
![]() |