Ұлттық кітапханада Наурыз мейрамына арналған мерекелікіс-шара өтті.
Бүгін Ұлттық кітапханада Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шара өтті.
Бұл жиын Наурыздың терең этнографиялық философиясын ұлықтаумен қатар, биылғы жылы мерейтойлары атап өтілетін қазақтың даңқты тұлғаларының шығармашылығын дәріптеуге арналды.
Мәдениет қайраткерлері, ұйым басшылары, елшіліктер, студенттер мен кітапхана оқырмандары, шағын және орта бизнес өкілдері қатысқан шара барысында қонақтар халқымыздың рухани құндылықтарына негізделген мәдени-философиялы, әуезді бағдарламаны тамашалап, «Мерейтойлар шеруі» және «Бір әннің тарихы» тақырыптары мен интерпретацияланған қойылымдар аясында Шоқан Уәлиханов, Мұхтар Мағауин, Қалихан Ысқақ, Мархабат Байғұт, Мұхтар Шаханов, Нұрғиса Тілендиев пен Қадыр Мырзалиевтің шығармашылығымен танысты.
Қатысушылар қазақтың дәстүрлі тағамдарынан дәм татып, ұлттық өнер, спорт, қолөнер, тәрбие көріністерінің куәсі болды.
Бұл мерекелік басқосу Наурыздың бірлік пен береке әкелетін мерекелік мәнін тереңдете түсіп, жастардың рухани-мәдени мұраға деген қызығушылығын арттырды.
![]() |
![]() |
![]() |
||
![]() |
![]() |
![]() |