2025 жылғы 18 наурыз, сағат 11:00-де ҚР Ұлттық кітапхананың үлкен залында «Азия шығармашылық богемиясы» бірлестігінің ұйымдастыруымен «Дарынды Тұлға» балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық байқауы өтті.
Байқау барысында балалар актерлік шеберлік, сурет салу өнері, ән айту, көркем сөз оқу шеберлігі, мүсін жасау (скульптура), кескіндеме (живопись) сияқты шығармашылық жағынаһн сайысқа түсті.
Жобаның мақсаты - балалардың ой-өрісін дамыту, өнерге, әдебиетке деген құштарлығын ояту, болашақ жастардың шығармашылығы мен шеберлігін шыңдау.
Жиында жүлделі орын алған жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар мен сертификаттар тапсырылды.
Қатысушылар: Әділқазылар алқасы, мектеп оқушылары, ата-аналар және басқа да қонақтар.
![]() |
![]() |
![]() |