+7 (727) 267-28-83

Букетов

Ө.М.Сұлтанғазин атындағы ғылыми қызметкерлерге арналған оқу залында Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі, КСРО Жазушылар одағының мүшесі, көрнекті ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор Евней Букетовтың 100 жылдығына арналған «Евней Букетов – 100 жыл» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Евней Букетов 1925 жылы 23 наурызда Солтүстік Қазақстан облысындағы Бағанаты ауылында дүниеге келген. Қорған облысына қарасты Макушинск ауданында алғаш мектеп табалдырығын аттаған ол соғыс жылдары бастауыш мектептің мұғалімі болған. Кейін Қазақтың кенметаллургия институтының металлургия факультетін бітіріп, аспирантураға қалдырылады. 1954–1960 жж. Қазақтың кенметаллургия институтында ассистент, доцент, директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары, 1960–1972 жж. Қазақ КСР Ғылым академиясының Қарағанды химияметаллургия институтының директоры, 1972–1979 жж. Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры болды. 

1966 жылдан техника ғылымдарының докторы, 1967 жылы профессор атағын алды.

1969 жылы КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағы берілді. 

1970 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі болып сайланады.

Көрменің мақсаты - Евней Букетовтың ғылым мен әдебиетке қосқан үлесін насихаттау, оның шығармашылығы мен мұрасын ұлықтау.

Кітап көрмесінде Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы қорынан Евней Букетовтың өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар мен ғылыми еңбектер, аудармалар ұсынылған.

Баршаңызды көрмеге шақырамыз!