+7 (727) 267-28-83

олимпиада

2025 жылғы 7 ақпанда ҚР Ұлттық кітапханасында еліміздің мемлекеттік және жекеменшік мектептері арасында өткізілген Республикалық әдеби олимпиада-2024 жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Ұйымдастырушылар: «Ганибет» Ganibet» республикалық ғылыми-әдістемелік оқу орталығы, «Ganibet» гуманитарлық-ғылыми бағыттағы жеке мектеп-гимназиясы, «Ganibet» әдеби клубы.

Іс-шараның мақсаты: оқушылар арасында оқу және жазу сауаттылығын насихаттау, әлеуметтік белсенділікті арттыру, рухани тәрбие беру және дарынды оқушыларды анықтау.

Үш кезеңнің қорытындысы бойынша «Республикалық әдеби олимпиада материалдар жинағы» жарық көрді, оған Қазақстан мектептерінің 1-11 сынып оқушыларының әдеби шығармалары кірді.

Жас авторлардың шығармалары еліміздің қазіргі өмірін және олардың ішкі әлемін көрсетіп, оқырманның. жүректеріне жай табады, олардың таңданысы, құндылықтары мен сезімдерін көруге мүмкіндік береді.

Шарада жеңімпаздар нақты уақыт режимінде ертегілер, өлеңдер, поэмалар, әңгімелер, миниатюралар жазып, жас жеңімпаздар өз көзқарастарын суреттер арқылы жеткізді.

ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы Дюсибаева Дариха Төребайқызы дарынды оқушыларды, олардың ата-аналары мен ұстаздарын Әдеби Олимпиаданың финалына шығуымен құттықтап, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті төрағасының Құрмет грамоталарымен марапаттады.

Марапаттау рәсімінде Алматы қаласы №189 мектептің 1 «А» сынып оқушысы Аллан Дувбаков фортепианода «Аданте» шығармасын орындап, өз өлеңдерін оқыды, Тұрғанбекова Бижано Людвиг ван Бетховеннің «К Элизе» фортепианолық әйгілі пьесасын және басқа да қатысушылар бірнеше музыкалық нөмірлерді орындады.

Іс-шарада Олимпиада жеңімпаздарының жұмыстарынан көрме ұйымдастырылды.

Шараға республикалық әдеби олимпиаданың жеңімпаздары, ұстаздар, ата-аналар, және жазушылар қатысты.

олимпиада 1   олимпиада 2   олимпиада 5
олимпиада 3   олимпиада 4   олимпиада 6