2024 жылғы 13 желтоқсанда Әдебиет академиясы залының қызметі аясында USW жазушылар қауымдастығының резиденті Ирина Бакулинаның «Ночь в библиотеке» кітабының тұсаукесері өтті.
Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасы директорының кітапханалық жұмыстар жөніндегі орынбасары Юсупова Ажар Хамитқызы алғы сөзбен ашып берді.
Кездесудің модераторы Әлем әдебиеті қызметінің жас маманы Зерде Қожамберді болды.
United States of writers (Қазақстанның жазушылар қауымдастығының) негізін қалаушы және жетекшісі, жас жазушы Андрей Орлов өз сөзінде әдеби қауымдастықтың жұмысы туралы және жас жазушыларды қолдайтын жобаларымен бөлісті.
Заманауи жазушы Ирина Бакулинаның шығармашылығында 300-ге жуық әңгімелер, екі роман және жинақтарда жарияланған бірнеше әңгімелер бар. Автордың ең танымал кітаптары: «Новый год на Марсе», «История Мари», «Глаза дьявола, сердце Парижа», «Зеркало разбилось» және т.б.
«Ночь в библиотеке» - Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасындағы мистикалық құбылыстар туралы шытырман оқиғаға толы роман-фэнтези. Роман-фэнтези кейбір шынайы оқиғаларға негізделіп, көркемдік қиялмен толықтырылған. Сюжеттің желісі - кітапхана қабырғасындағы бір топ жасөспірімдердің шытырман оқиғаларын суреттейді. Ирина Бакулинаның кітабында бұл жер туралы мистикалық өрнектер ғана емес, сонымен қатар таңғажайып фактілер де шебер көрсетілген. Достық, сынақтар мен құпиялар туралы әңгіме әр оқырманға кітапқа енудің ерекше тәжірибесін береді. Кітап сөрелерінің лабиринттері арқылы жұмбақ жолмен жүріп, кейіпкерлер шынайы достықтың кез келген кедергілерін жеңетінін көрсететін уақыт сынағынан өтеді.
Әдеби кеште «Арт - убежище Bunker» театрының актрисасы Софья Некрасова «Ночь в библиотеке» театрландырылған қойылымынан үзіндіні сахналады.
Әлем әдебиеті қызметінің жас мамандары Аяулым Алқамбай және Зерде Қожамберді кітап желісі бойынша квест – викторина өткізіп, белсенді қатысушыларға Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының кітаптары табыс етілді.
Іс-шараға Алматы қаласының №45 және № 55 мектептерінің 7-8 сынып оқушылары, мұғалімдері және кітапхананың жас мамандары қатысты.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |