+7 (727) 267-28-83

эконом2024 жылғы 26 тамызда  ҚР Ұлттық кітапханасының қорына Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Кеден, қаржы және экологиялық құқық» кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Қуандықов Қалдарбек Жүнісбайұлы «Арнайы экономикалық аймақтарды құқықтық реттеу» атты оқу құралын сыйға тартты.

Оқу құралында арнайы экономикалық аймақтардың пайда болу тарихы, ол туралы түсінік пен оның түрлері, мақсаттары мен жұмыс істеу шарттары, жіктелуі, жұмыс істеу қағидаттары, олардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер, еліміздегі арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және оларды құрудың әлемдік тәжірибесі қарастырылған.