+7 (727) 267-28-83

22

2024 жылғы 22-26 шілде аралығында ҚР Ұлттық кітапханасының Жазба құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру мектебінде Түркістан облысы Бәйдібек ауданы кітапханасының маманы К.Қ. Биболатова оқудан өтті.

Ғылыми құжаттарды сақтау зертханасында ол құжаттарды сақтау мен қалпына келтірудің негізгі принциптері туралы теориялық білім алды.

Консервация, қалпына келтіру және түптеу қызметінің мамандары кітаптар мен мерзімді басылымдарды жөндеу, қалпына келтіру және түптеуді дайындаудың түрлі әдістері бойынша тәжірибелік дағдыларды, сондай-ақ классикалық кітап беттерін қалпына келтіру принциптері: желім дайындау, құжаттың күйін бағалау, қалпына келтіру материалдарын таңдау, кітап блогын өңдеу, жаңа түптеу қақпақтарын жасау және т. б. үйретті.

Тәжірибелік жұмыс барысында К. Қ. Биболатова түптеу жұмыстарын орындады, классикалық түптеуді, парақты қалпына келтіру және кітаптарды жаңа түптеуді үйренді, сонымен қатар қалпына келтіру материалдарымен, жабдықтарымен және құралдарымен танысты.

Курстың соңында сертификат берілді.