TELEPHONE FOR INFORMATION: +7 (727) 267-28-83

2024 ммс

Қазақстан кітапханалары – 2023 жыл. Мәліметтер мен сандар = Библиотеки Казахстана – 2023 год. Факты и цифры : Ақпараттық-сараптамалық шолу / ҚР Ұлттық кітапханасы ; бас редактор Б.Қ. Оспанова ; бас редактордың орынбасары А.Х. Юсупова ; ред. алқа : Г.А. Маханбетова ; А.Н. Шүленбаева ; құрастырушылар : Г.А. Маханбетова, Г.Т. Ауғанбаева, С.З. Аханова және т.б. – Алматы : ҚР Ұлттық кітапханасы,  2024. - 86 бет.

«Қазақстан кітапханалары-2023 жыл. Мәліметтер мен сандар» ақпараттық-сараптамалық шолуы Қазақстан Республикасы кітапханаларының статистикалық салыстырмалы деректері мен әлеуметтік зерттеулерін қамтиды.

Шолудың бірінші бөлімінде республиканың сегіз жүйесі мен ведомстволары кітапханаларының цифрлық көрсеткіштерін қамтитын Қазақстан кітапханалары туралы толық емес статистикалық мәліметтер ұсынылған.

Шолудың екінші бөлімінде көпшілік кітапханалар туралы: кітапхана желісінің сипаттамасы, кітапхана қорлары туралы, қорларды толықтыру, кітап берілімі, пайдаланушылар, келім саны, ақпараттық технологиялар, материалдық-техникалық базалар, кадрлар, ғылыми-зерттеу және ғылыми-әдістемелік қызмет және т.б. материалдар ұсынылды.

«Қазақстан кітапханалары-2023 жыл. Мәліметтер мен сандар» ақпараттық-сараптамалық шолуы зерттеу жұмысында және педагогикалық процесте қолданылуы мүмкін. Шолу кітапхана қызметкерлерін, оқытушылар құрамына, «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша жоғары оқу орындарының студенттеріне және колледж оқушыларына, Қазақстан Республикасындағы кітапхана ісінің жағдайына барша қызығушылық танытқандарға арналған.

 

 

 

әдістемелік 2024

Ұлттық басылымдарды ғылыми өңдеу ерекшеліктері : әдістемелік құрал / ҚР Ұлттық кітапханасы ; бас редактор Б.Қ. Оспанова ; редакторлар: Ф.Қ. Бектурбекова, Ф.У. Сыдықжанова ; құрастырушылар: Н.Ш. Балсейітова, Н.А. Искалиева. – 2-басылым, өңделіп, толықтырылған. – Алматы, 2024. – 26 бет.

Басылым ҚР Ұлттық кітапханасында 2019 жылы қазақ тілінде шығарылған «Ұлттық басылымдарды ғылыми өңдеу ерекшеліктері» әдістемелік құралының  өзгертулер мен толықтырулар енгізілген нұсқасы болып табылады.

Әдістемелік құрал 2015 жылы ҚР Ұлттық кітапханасында іске қосылған Web-RABIS отандық бағдарламасы бойынша жұмыс жасау тәжірибелерін ескере отырып, МемСТ 7.1-2003 «Ақпарат, кітапхана және баспа ісінің  стандарттар жүйесі. Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Жалпы талаптар және жасау ережелері» мемлекетаралық стандартына сәйкес жасалды.

Әдістемелік құрал ҚР Ұлттық кітапханасына келіп түскен ағымдағы құжаттардан электрондық ақпараттық-библиографиялық ресурстар қорын түзетін библиограф-классификатор мамандарға жіне жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған.