6 маусымда Әлем әдебиеті залында қазіргі орыс әдеби тілінің негізін қалаушы, ұлы орыс ақынының 225 жылдығына орай «А.С. Пушкиннің әдеби Қазақстандағы шығармашылық мұрасы» атты әдеби кеш өтті.
ҚР Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары Юсупова Ажар Хамитқызы құттықтау сөз сөйледі.
Әдеби кештің модераторы - М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты халықаралық байланыстар және әлем әдебиеті бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының мүшесі Ананьева Светлана Викторовна болды.
Өз сөзінде ол қазақстандық зерттеушілердің әлемдік Пушкинианаға қосқан үлестері, сондай-ақ А.С. Пушкиннің шығармашылығына арналған халықаралық ғылыми конференциялар туралы айтты.
Іс-шара қатысушыларына әлем әдебиеті қызметінің топ жетекшісі Аширова Фарида Гайдаровна дайындаған «А.С. Пушкиннің әдеби Қазақстандағы шығармашылық мұрасы» атты кітап көрмесіне бейнешолу ұсынылды.
Кеште қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде ақынның өлеңдері оқылды.
Іс-шараға Алматы қаласы Бостандық ауданының «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» өкілі Садыбекова Бибіжамал Арипбайқызы; Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің 3 курс студенттері Жапсарбай Нұрсұлтан мен Кауменова Айнұр; Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 2 курс студенттері Кубайт Аружан мен Ақбаржанова Зубайдам; әлем әдебиеті қызметінің маманы Камалбекова Нұржанат қатысып, сөз сөйледі.
Әлем әдебиеті қызметінің мамандары Байсмакова Әйгерім мен Алқамбай Аяулым А. С. Пушкиннің шығармалары бойынша интеллектуалды квест-викторина ұсынды.
Квест-викторина жеңімпаздары мен белсенді қатысушыларға алғыс хаттар мен кітаптар табысталды.
![]() |
![]() |
![]() |
||
![]() |
![]() |
![]() |