+7 (727) 267-28-83

к гл

2024 жылғы 29 мамырда ҚР Ұлттық кітапханасының қорына Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының профессоры, ҚР Білім беру ісінің үздігі, ҚР Мәдениет қайраткері, ұлағатты ұстаз Жүніс Мақсұт Оразұлы «Ән әлемінде» атты кітабының бірнеше данасын сыйға тартты.

Бұл туындыда автор әншілік әлемге енуде көрген қиындықтары мен қызықты сәттері, өзіне аға буын музыканттардың берген ақыл-кеңестері, ата-бабасы мен дүниеге әкелген әке-шешесіне деген құрметі мен ізгілігі туралы ой қозғайды.

Кітап өнерсүйер қауымның ыстық ықыласына ие болары сөзсіз.