Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған тарихи-танымдық ақпараттық көрме ұйымдастырылды.
2024 жылғы 31 мамырда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «ҰЛТТЫҚ АПАТ: ЗОБАЛАҢ ЗАРДАБЫ МЕН ҚАСІРЕТІ» атты тарихи-танымдық ақпараттық көрме ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты: Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу. Қазақ зиялы, ұлт азаматтарының өмір жолдары, еңбектері жайлы ақпараттарды ұсыну. 1927-1953 ж. ақтаңдақтар ақиқатын, тарихи шындықты оқырман қауымға, жас ұрпаққа жеткізу, тереңірек таныстыру. Өткен тарихымыздан тағылым ала отырып, жаппай саяси-қуғын сүргін құрбандарына тағзым ету.
Шара алдында Ұлттық кітапхана ұжымы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын үнсіздікпен еске алып көрмемен танысты.
Көрмеде ұсынылған әдебиеттерге «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, алаштанушы Елдос Тоқтарбай шолу жүргізіп, таныстырды.
Көрмеге ҚР Ұлттық кітапханасының сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қорындағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандары жөнінде құнды еңбектер, қолжазбалардың түпнұсқалары, зерттеу еңбектер, ұлт зиялыларының шығармалары қойылды.
Аталмыш көрме үш бөлімнен тұрады:
Алашордашылар және саяси қуғын-сүргін;
Зұлмат жылдар қасіреті;Алаш туы астында.
Көрмеге қысқаша шолу:
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында өмір сүрген алаш қайраткерлерінің түпнұсқа еңбектері мен қолжазбалары;
Саяси-қуғын сүргін құрбандары ұрпақтарының естеліктері;
Алаштанушы, тарихшы (М.Қойгелді, Т.Омарбеков, К.Нұрпейісов, Б.Қойшыбай, Е.Тілешов, Х.Тұрсын, С.Жүсіпов, Д.Қамзабекұлы, С.Жұмағұл, Қ.Кемеңгер және Алаш бағытындағы Qyr balasy ҚҚ т.б.) ғалымдардың ғылыми еңбектері.
Репрессия, ашаршылық тақырыбындағы тарихи еңбектер.
![]() |
![]() |
![]() |
||
![]() |
![]() |
![]() |