+7 (727) 267-28-83

100 гл2024 жылғы 29 мамырда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында қазақ әдебиетінің классигі, жазушы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына орай «Өлгендер қайтып келмейді» кітабының түрік тіліндегі аудармасының тұсаукесері өтті.

Шараның модераторы – ҚР Президенті сыйлығының лауреаты, «Қазақ радиосы» Алматы филиалының бас редакторы Бақыт Жағыпарұлы.

Шарада ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Рустам Әли; ТҮРКСОЙ халықаралық түркі мәдени ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев, Алматы облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алиев Данияр Абзалединұлы, Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Эврен Мудеррисоглу құттықтау сөз сөйлеп, жазушы Бердібек Соқпақбаевтың мерейтойы аясында ұйымдастырылып жатқан шараларға тоқталды.

Сондай-ақ, «Өлгендер қайтып келмейді» кітабының түрік тіліндегі аудармасының таныстырлымы жасалып, аталмыш кітаптың 5 данасы Ұлттық кітапхана қорына табысталды.

«Өлгендер қайтып келмейді» романын түрік тіліне тәржімалаған аудармашы Хусейн Варол.

Сөз сөйлеген қонақтар: ҚР Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары Нұржан Қуантайұлы; түрік аудармашы Хусейн Варол; жазушы, кинодраматург, Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Түркі дүниесі» әдеби сыйлығының лауреаты Елубай Смағұл Абатұлы; Бердібек Соқпақбаевтың қызы Самал Бердібекқызы; ақын, журналист, Түркі халықтары Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет.

Шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Қатысушылар: ақын-жазушылар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ҚР Мемлекеттік күзет қызметі, кітапханашылар, оқырмандар және БАҚ өкілдері.

100 1   100 2   100 3
100 4   100 6   100 5