2024 жылғы 29 мамырда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай марапаттау рәсімі өтті.
Марапатты ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Рустам Али табыстады.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Еңбек ардагері» төсбелгісімен ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы және Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана директорының орынбасары Жұмабеков Махсут Тайнович марапатталды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының қызметкерлері: Оңгарбекова Сауле Жандосқызы және Сәдуақасова Патима Жайлаубайқызы, «Алматы - Болашақ» баспасының қызметкері Ақбасов Исағалым Үсембайұлы марапатталды.
Шарада ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы, ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры Қойтанов Әділ сөз сөйлеп, марапат иелерін құттықтады.
Сонымен қатар, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Кітап ісі басқармасының басшысы Мырзахметов Алмаз Әмірбекұлы еліміздегі кітап, архив және баспа ісі бойынша алдағы уақытта атқарылатын жобалар, авторлық құқық мәселесі және баспа мен жазушылар арасындағы байланыстарды нығайту, сондай-ақ, Ұлттық кітап күнін бекіту туралы және оның маңыздылығына тоқталды.
![]() |
![]() |
![]() |
||
![]() |
![]() |
![]() |