2024 жылғы 29 мамырда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында студенттік білім форумы аясында «Көшпенділер. Эстетика. Қазақтың дәстүрлі өнері арқылы дүниені тану» кітабы студенттердің көзімен» тақырыбында «Жолшы» философиялық мәдениеттану клубының кезекті философиялық отырысы өтті.
Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, К. Сағадиев атындағы ХБУ, «Жолшы» философиялықмәдениеттанулық клубы, «Ергенекон» студенттік театры, «Аспандау» ғылыми-білім беру қоры, ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясы.
Шарада «Жолшы» философиялық мәдениеттанулық клубының төрағасы Азимова Саера; Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының профессоры, филос.ғ.д. Наурызбаева Альмира Бекетқызы; ҚР Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі ұлттық комитеті төрағасының орынбасары Мұзафаров Рустам Рахимұлы; «Жолшы» философиялық мәдениеттанулық клубының жетекшісі Нұржан Құлымжанов сөз сөйлеп, жиынның маңыздылығы мен мақсатына тоқталды.
Іс-шара аясында белгілі қазақстандық ғалымдардың жұмыстары, атап айтқанда, Советқазы Ақатаевтың «Көшпенділер мәдениетінің ерекшелігі туралы» мақаласы мен Мұрат Әуезовтің «Энкидиада: көшпелі және отырықшы әлемдерінің біртұтастығы мәселесі» атты мақалалары талқыланып, қатысушылар өзара пікір алмасып, ұсыныстарын білдірді.
Сондай-ақ шарада «Ергенекон» студенттік театры театрландырылған қойылым қойды.
Қатысушылар: белгілі ғалымдар, ақын-жазушылар, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, «Жолшы» философиялық мәдениеттану клубының мүшелері, Алматы ЖОО студенттері.
![]() |
![]() |
![]() |
||
![]() |
![]() |
![]() |