+7 (727) 267-28-83

cbead8c8 1042 4428 8ab5 94c9d3b655e8

24-26 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы Сирек кітаптар мен қолжазбалар қызметінің топ жетекшісі Абикова Гульшат Масалимқызы Өзбекстан Республикасының Бұхара қаласында Әлішер Навои атындағы Ұлттық кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Central Asia 2023: «Ғылым, білім, мәдениет және бизнестегі интернет және ақпараттық-кітапхана ресурстары» атты XVI Халықаралық конференциясына және «Кітап және оқу қоғамды дамытудағы стратегиялық ресурс ретінде» атты 2-ші Достастық форумына қатысты.

Конференцияны ұйымдастырушылар: Өзбекстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жанындағы Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігі; ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастықтың мемлекетаралық қоры; Әлішер Навои атындағы Өзбекстан Ұлттық кітапханасы; «Узархив» агенттігі және т.б.

Конференцияға 400-ге жуық жергілікті және 9 шет мемлекет, атап айтқанда Армения, АҚШ, Беларусь, Әзірбайжан, Қырғызстан, Қазақстан, Ресей, Түркия, Тәжікстан елдерінен 40-тан астам халықаралық сарапшылар, кітапхана директорлары, ақпараттық-ресурстық және ақпараттық-кітапхана орталықтарының басшылары мен мамандары, архив  мамандары, ғалымдар, білім беру ұйымдарының оқытушылары, қоғам қайраткерлері, министрліктер мен ведомстволардың өкілдері онлайн және офлайн қатысты.

Бұхара шаһарында өткен халықаралық конференцияда кітапхана  мен архив саласының жаңаша бағыттары және автоматтандыру жүйесі, баспа ісі туралы мәселелер көтерілді.

Пленарлық отырыстан кейін сарапшылар мен сала мамандарының басын қосқан 6 салалық отырыс, 2 дөңгелек үстел мен 5  шеберлік сағаты халықаралық кітапхана саласында орын алып отырған мәселелер, олардың шешу жолдары, саладағы жетістіктер, алдағы стратегияларды әзірлеу туралы дәрістер тыңдалды. Мамандар үшін бұл салалық отырыстар тәжірибе алмасуға, кітапхана саласындағы жаңалықтармен танысуға, іс-шараларды сараптауға және қордаланған мәселелерді шешуге арналған нағыз алаң болып табылады.

Г. Абикова Кітап оқу мен оқу мәдениетін дамыту перспективалары бойынша салалық отырыста «Technologies for the study and preservation of handwritten and printed heritage in the National Library of the Republic of Kazakhstan» тақырыбында баяндама жасады.

63b02844 82ed 417b 8e7d 6caa51a951c8   845ef568 7dc2 46c7 8e6a c7326a5bf7d9