+7 (727) 267-28-83

c80123aa d91f 4869 aea8 3f70edfe81ba

19 мамырда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасында өткен «Мәдениет: Кітап. Білім. Тіл» атты «Open Аir-2023» фестиваліне Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Ақпараттық ресурстар және Консервация, қалпына келтіру және түптеу қызметтерінің жетекшілері Сыдықжанова Флора Өскенбайқызы мен Шоманова Аида Мұратқызы қатысты.

Шараның басты мақсаты – еліміздің руханиятын, мәдениетін, әдебиетін дамытуға бағытталған түрлі бастамалардың жүзеге асуын, мәдениет саласы мамандарының оның ішінде кітапханашылардың қосқан үлесін көрсету.

Шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, шетелдік делегаттар: Халықаралық Түркі академиясының президенті Шахин Мұстафаев, Франция, Иран және басқа да мемлекеттер елшіліктерінің басшылары, Парламент Мәжілісінің депутаттары, зиялы қауым өкілдері, республиканың барлық облыстарынан келген мәдениет және өнер қайраткерлері және кітапханашылар қатысты.

Мереке барысында кітапханашылар мен мәдениет саласының ардагерлері марапатталды.
Фестиваль аясында кітап көрмелер шеберлік сабақтар, нетворкинг және түрлі іс-шаралар өткізілді.

Интерактивті оқыту аймағында Ұлттық кітапхана мамандары «Қазақстан: өткені мен бүгіні»  атты библиографиялық дерекқорға мерзімді басылымдар мен жинақтардан ақпарат іріктеу және библиографиялау» және «Қазақстан кітапханаларындағы құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру» тақырыптарында шеберлік сабақтарын өткізді.

«Каталогизатор» және «Жазба құжаттарды консервациялау, қалпына келтіру» мектептері бойынша шолулар жүргізіліп, әдістемелік ұсыныстар берді.

Мамандар көптеген сұрақтарға жауап беріп, қатысушыларды кәсіби біліктіліктерін арттыру мақсатында Ұлттық кітапханаға оқуға шақырды.

8599a73f 370a 4e22 9217 dbaaa19172eb   82368987 588c 47ce b76c 9e5d246b1ca5   473e4882 46c4 4f18 9ce7 af0f61f139e0   d5f09265 1b1f 44ae 9204 87c069570483