+7 (727) 267-28-83

346650364 262967686182896 2539506136507273372 n

13 мамырда ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай және «Ауыл кітапханаларына 20 мың кітап» акциясы аясында «Бес жылдыққа – бес әдеби сапар» атты рухани мәдени шара өтті.

Ұйымдастырушылар: Түркістан облыстық мәдениет және туризм басқармасы және Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы.

Мәдени шараны Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрайымы Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы ашты.

Шарада Түркістан облыстық мәдениет және туризм басқармасы басшысының орынбасары Темірхан Асылхан Темірханұлы, Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Құлкенов Мереке Әбдешұлы, Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасының орынбасары, ақын Бегманов Қасымхан Сейітханұлы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының және «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, Түркістан облысының Құрметті азаматы Құлбек Ергөбек, жазушы, журналист Бағдат Қалаубай, жазушы-журналист, сыншы Аян Нысаналин, ақын, жазушы Мұрат Бекей, Қазақстан Жазушылар одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, ақын Айдар Сейдазым, ақын Ақбота Бейбітбек, Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Шардарбекова Жанат Сәдібекқызы сөз сөйледі.

«Ауыл кітапханаларына 20 мың кітап» акциясы аясында ҚР Ұлттық кітапханасының Айырбас-резервтік қорынан Түркістан облысындағы аудандық және ауылдық кітапханаларға 6 мың дана кітапты сыйға тартты. Сондай-ақ "Меломан" дүкендер желісінің баспа жобалар бөлімінің меңгерушісі Турганова Қаракөз, "Көкжиек" баспасының директоры Тукбатова Индира акция аясында кітаптарды сыйға тартты.

Түркістан облыстық мәдениет және туризм басқармасы басшысының орынбасары Темірхан Асылхан Темірханұлы ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызын мәдени шараның өтуіне қолдау көрсеткені үшін Алғыс хатпен марапаттады.

Шарада Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ғылыми зерттеу бөлімінің меңгерушісі Динара Берікқызы "Тарихыңды таны, тұлғаңды құрметте" атты өлкетану инсталяциялық көрмені таныстырды. Сонымен қатар, айтыскер ақын Шұғайып Сезімхан арнаумен шашу шашып, дәстүрлі әнші Мұстафа Арнұрұлы "Елім менің", «Алаш ұраны", "Тау ішінде" атты әндерін шырқады.
Қатысушылар: зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, өнерпаздар, кітапханашылар, оқырмандар және БАҚ өкілдері.

346777433 973733750472883 8075770964708330636 n   346489606 1381179039343357 7274267487624382985 n   346498320 770998791236374 4016475911387207723 n
346665612 192820176994792 7075147638963887104 n   346638885 1191369424904746 8992658359654591110 n   346297221 998870874362631 1248834770087502015 n