+7 (727) 267-28-83

b94e812b d5e8 445b 8cfc d54dafc6b61d

11 мамырда Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ғылыми кітапханасында жазушы Рахметолла Райымқұловтың 110 жылдық мерейтойына орай өткізілген «Рахметолла Райымқұловтың әдеби мұрасы: көркемдік және ұлттық мінез» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан  жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған «Қаламгер өнегесі» атты көшпелі кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Кітап көрмесінің мақсаты ─ қарымды қаламгерді халыққа насихаттау, жастарды отансүйгіштікке баулу, өскелең ұрпақ пен оқырмандарды Рахметолла Райымқұловтың  шығармашылығымен таныстыру.

Конференция аясында ҚР Ұлттық кітапханасының Көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінің жетекшісі Әбдікерімова Жанар Алпысбайқызы мен кітапханашы Шархан Мұхаммед-Қанапия кітап көрмесіне ұсынылған кітаптарға шолу жасады.

Қатысушылар: Рахметолла Райымқұловтың қызы, туған туыстары, немере-шөберелері, зиялы қауым өкілдері, профессорлар, университет оқытушылары мен студенттері, кітапхана мамандары, оқырмандар және т.б.

4687696478672418674   54694768478678768743164847