+7 (727) 267-28-83

c4329c99 84f9 444c 91bd 23e173afb10e

27 сәуірде Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында елімізге танымал археолог ғалымдар Аслан Мамедов, Сергей Гуцалов және Арман Бисембаевтың авторлықтарымен «Қазақстан археологиясы. Деректер мен зерттеулер» сериясы аясында баспадан шыққан «Жем өзені алқабының ежелгі және орта ғасыр көшпелілерінің жерлеу кешендері (Орқаш-І, Жағабұлақ І, ІІ қорымдарының материалдары негізінде)» атты ұжымдық монографияның тұсаукесер рәсімі өтті.

Шараның модераторы Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының ғылыми хатшысы, тарих ғылымдарының кандидаты - Касенова Асемгуль Дауренқызы.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапхана директорының ақпараттық технологиялар және инновациялар жөніндегі орынбасары Искалиева Нүрия Аманғалиқызы ашты.

Сөз сөйлеген қонақтар: Тарих ғылымдарының кандидаты, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының Бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары Мамиров Талгат Базарбаевич; тарих ғылымдарының докторы, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының бас ғылыми қызметкері Самашев Зайнолла; тарих ғылымдарының докторы, Оңтүстік Орал мемлекеттік университетінің Еуразиялық зерттеулер ғылыми-білім беру орталығының (Ұлттық зерттеу орталығы) директоры Таиров Александр Дмитриевич; тарих ғылымдарының кандидаты, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының Ерте темір дәуірі археологиясы бөлімінің бас ғылыми қызметкері Құрманкулов Жолдасбек; тарих ғылымдарының докторы, доцент, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Бекназаров Рахым Ағыбайұлы; Магистр, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының Мониторинг және қорғау археологиясы бөлімінің меңгерушісі, монография авторы Мамедов Аслан Маликович.

Лента қию рәсіміне: ҚР Ұлттық кітапхана директорының ақпараттық технологиялар және инновациялар жөніндегі орынбасары Искалиева Нүрия Аманғалиқызы және Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының бас ғылыми қызметкері Құрманкулов Жолдасбек қатысты.

Шара офлайн және онлайн (zoom) форматында өтті.

Қатысушылар: тарихшы, археолог ғалымдар, зиялы қауым мен БАҚ өкілдері, студенттер мен кітапхана оқырмандары және т.б.

0a7dcddc b19c 4bb3 b23b ed2f1c3780b3   1b45ff6e 6f33 440d a46d b1ff70cf57a9   6f42fd36 a5aa 487e a21d a8cbcc8a3cda
49e0a613 b1e7 48b2 96fc fd821b0372ba   2376a0dd 58c7 4a37 baba 9d4944a8ee70   efcc3c9b 009a 4c41 ae1a 950fb817a938