+7 (727) 267-28-83

c9992379 747b 453c a38e 3d9590e2e838

21 сәуірде Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында жыл сайын өтілетін «КІТАП шоу – 2023» фестивалі аясында белгілі поляк жазушысы Петр Войцеховскиймен онлайн-кездесу өтті.

 Іс-шара аясында «ҚР Ұлттық кітапханасы қорындағы поляк әдебиетінің топтамасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Петр Войцеховский - поляк прозашысы, ақын, режиссер, киносыншы және публицист. 1967 жылы жазушы ретінде «Каменные щолы» кітабымен дебют жасады. Ол 2002-2005 жылдары поляк Жазушылар Одағының президенті болды. Польша Ғылым Академиясының Президиумы жанындағы БАҚ этикасы кеңесінің және поляк тілі кеңесінің мүшесі болды. 2006 жылдан бастап «Халық шығармашылығы орталығы» қорының бағдарламалық кеңесінің мүшесі болды. 2008 жылдан бастап COGITO көркем әдебиет саласындағы Public Media Award қазылар алқасының мүшесі болды. 2016 жылы ол Gloria Artis мәдениетіне сіңірген еңбегі үшін күміс медалімен марапатталды.

Іс-шарада ҚР Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары А.Х. Юсупова, Польша Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулының ассистенті Ақбота Махмудова құттықтау сөзбен ашты. Іс-шараның модераторы - Люцина Эйманың «Inicjatywa dla Polonii» қауымдастығының президенті болды. Кездесу тақырыбы: «Қазіргі әлемдегі жазушының рөлі» атты кездесуде Петр Войцеховский қатысушыларға әдебиеттің пайда болуы, оның қазіргі әлемдегі рөлі, заманауи әдебиетке, өнерге және адамзатқа қауіп төндіретіні туралы айтты. Сондай-ақ, ол өз баяндамасында отбасы шеңберіндегі кітаптарды бірге оқудың рөлін атап өтті. №23 мектеп-гимназиясының оқушылары жазушыға оның шығармашылығына, шығармашылығындағы философияның рөліне қатысты бірнеше сұрақтар, жазушының сүйікті кітабы туралы, оның жұбайы мен жақын адамдарына арнау- өлеңдері туралы қызықты сұрақтар қойылды. Әлем әдебиет қызметінің топ жетекшісі Т.Замзаева «ҚР Ұлттық кітапханасы қорындағы поляк әдебиетінің топтамасы» атты виртуалды көрмесімен таныстырды. «Almator» журналының редакторы Петр Боронь өз баяндамасында осы жинақтың мәдени, тарихи және библиографиялық құндылығына назар аудара отырып, сирек кездесетін кітаптарға тоқталды.

Іс-шара соңында ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б.К. Оспанова жазушы Петр Войцеховскийге, Люцина Эймаға және Петр Бороньға онлайн-кездесу өткізуге ат салысқаны үшін алғысын білдірді. Іс-шараға Қазақстанның поляк диаспорасы, Алматы қаласындағы №23 мектеп- гимназиясының оқытушылары, студенттері, оқушылары қатысты.

766434d0 98d3 4f4a 8db0 c65e39baa204   f9ac058e 1b15 419d a5c6 07f93fae4b14