+7 (727) 267-28-83

08cbbbbd 5343 4092 9cf0 f70d236b38ab

24 сәуірде Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада ҚР Ұлттық кітапханасының жас маманы, ақын, жазушы, айтыскер Шархан Мұхаммед-Қанапияның зағип және нашар көретін азаматтарға арналған нүктелі-бедерлі және МР3 форматында жарық көрген «Тәтті мұң» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Бұл кітапқа жас жазушылар арасында зағип және нашар көретін азаматтардан сұраныс артып, нүктелі-бедерлі және МР3 форматында жарық көрді.

Тұсаукесер рәсіміне зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана директоры Байұзақов Асхат Құсайынұлы, ҚР Ұлттық кітапханасының Көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінің жетекшісі Әбдікерімова Жанар Алпысбайқызы, ҚР Ұлттық кітапханасының жас маманы Ергеш Ернар және кітаптың аудио нұсқасын оқыған Тәңірберген Орынбасар қатысты.

Іс-шара барыснда автордың төл қаламынан туған өлең жолдары оқылып, әндері айтылды.

Шара соңында оқырман қауым өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Кітап авторы оқырмандардың көптеген сауалдарына жауап беріп, қызықты оқиғалармен бөлісті.

Тұсаукесер соңында автор Шархан Мұхаммед-Қанапия зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханасына және ҚР Ұлттық кітапханасына қолтаңбасы бар кітаптарын және аудио МР3 форматын сыйға тартты.

Іс-шараға зағип және нашар көретін азаматтар, ҚР Ұлттық кітапханасының жас мамандары және оқытушылар мен автордың қаламдас достары қатысты.

283ecba6 ee6c 4dce 9a5c 179a19f48730   cf71da76 2945 48fd 8c0a 8ee4332ffd39   f0ad3be1 4925 4d28 a77f 57abe27d8f2f
f09c2693 56ee 4689 afb4 0a57ca3a4669   c206fbd1 477c 4070 a88f fd537ee71459   a2379b53 3f96 448c bed7 73a53f9a8adc