+7 (727) 267-28-83

bb53fd02 652e 4c6c b24e a8dfa1ef51de

21 сәуірде диссертациялар бөлімінің жетекшісі Ж. А. Әбенова Минск қаласындағы XXIX Халықаралық мамандандырылған ТИБО көрмесінің алаңында Беларусь Ұлттық кітапханасының ұйымдастыруымен онлайн форматта өткен "Электрондық мәдениет" XI Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының жұмысына қатысты.

Конференцияда Ж. А. Әбенова "Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында электрондық топтамаларды қалыптастыру және құжаттық мұраның сақталуын қамтамасыз ету" атты баяндама жасады. Баяндамада қорды әртүрлі цифрлық топтамалар бойынша цифрландыру, Қазақстандық ұлттық электрондық кітапхананы (ҚазҰЭК) қалыптастыру және сақтандыру электрондық ұлттық кітапханалық қорды құру, сондай-ақ ҚР Ұлттық кітапханасының ірі халықаралық және мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы туралы мәселелер айтылды.

Ғылыми-тәжірибелік конференцияға Беларусь Ұлттық кітапханасының, Ұлттық Ғылым академиясының және Беларусь Республикалық ғылыми медицина кітапханасының, сондай-ақ Минск мемлекеттік цифрлық технологиялар колледжінің және т. б. басшылары мен мамандары қатысты.

Форумды ұйымдастырушылар ҚР Ұлттық кітапханасының аталған шараға қатысқан үшін алғыс білідіріп, одан әрі өзара ынтымақтастыққа сенім білдірді.

1831f695 bf90 4f55 8b10 76044d0d1949