+7 (727) 267-28-83

e003a8f5 cb9b 417f 920d edec21ee890a

Түркі мемлекеттері ұйымы жариялаған «2023 жыл- Түркі өркениетінің даму жылы» аясында «Түркі әлемінің бірлігі» атты кітаптар, күйтабақтар және мерзімді басылымдармен безендірілген көрме ұйымдастырылды.

Көрмеге Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапхана қорынан алынған құжаттар ұсынылды:

-күйтабақтар: отандық және түркі халықтарының вокалды-аспаптық шығармалары, ансамбльдер, тыңдау мүмкіндігі бар вокалдық-симфониялық, музыкалық-сахналық шығармалар;

-кітаптар: түркі халықтарының VI-XX жж. тарихы мен түркі өркениетінің эволюциясы туралы;

-мерзімді басылымдар: бірегей қорынан түркі өркениетінің қалыптасуы мен дамуы туралы құжаттар ( XX ғасырдың I жарты жылығы); әзірбайжан, өзбек, қырғыз, түрік экономикасы және мәдениеті туралы газеттер мен журналдар;

-Түркі мемлекетінің 100-жылдығына арналған әдебиеттер;

КІТАП шоу -2023 келген қонақтар көрмеге үлкен қызығушылық танытып, күйтабақтарды тыңдады.

62cbd23c 0df2 4f1f 83df 6355040fffd5   93d25f06 5123 45c2 859d e2b430cc0daf   aba98e0e 4f44 4fc3 a0d7 404ec3a16439