+7 (727) 267-28-83

687eae2f 4107 4668 a5cb ca980a943d6a

21 сәуірде Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған жыл сайынғы «КІТАП шоу-2023» фестивалі өтті.

Фестиваль түркі мемлекеттерінің ұйымы жариялаған «2023 жыл – Түркі  өркениетінің даму жылы» аясында ұйымдастырылды.

Фестивальдің мақсаты – «Оқитын ұлт» жобасы шеңберінде халықтың кітап оқу белсенділігін арттыру, кітап пен оқуға деген қызығушылығын қолдау, балалар мен жасөспірімдердің оқу сауаттылығын көтеру және кітап оқу мәдениетін дамыту, сондай-ақ, түркі халықтарының тарихи және әдеби мұрасын насихаттау.

Мерекелік іс-шараны Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрайымы Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы құттықтау сөзбен ашып, «КІТАП шоу-2023» фестивалінің басты мақсатына, шара аясындағы әдеби-танымдық, мәдени шараларға тоқталды. Сөз сөйлеген қонақтар: Алматы қаласы Мәдениет басқармасының өкілі Халбеков Арман Бейсенбайұлы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, филология ғылымдарының докторы, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Матыжанов Кенжехан Ісләмжанұлы; Қазақстанның Халық жазушысы, ақын Мұхтар Шаханов; танымал француз фотографы, «Жанды кітаптар» фотокөрмесінің авторы Жан-Марк Годес және т.б зиялы қауым өкілдері.

«КІТАП шоу-2023» мерекесі аясында Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығына арналған «Қазақ балалар әдебиетінің өткені мен бүгіні» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция; Қырғызстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Ш.Айтматовтың 95 жылдығына арналған «Шыңғыс Айтматовты оқимыз» атты халықаралық дөңгелек үстел; «ABAI» әдеби-танымдық, анимациялық энциклопедиясының тұсаукесері және кітап авторлары Р.Зайкеновамен, Қ.Қараевамен кездесу; Танымал француз фотографы Жан-Марк Годестің «Жанды кітаптар» фотокөрмесі және шеберлік сағаты; Танымал поляк жазушылары Петр Войцеховскиймен онлайн-кездесу; «Өркениет қайсысы: кітап немесе айфон» пікір талас алаңы; ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан «Түркі әлемінің бірлігі» атты күйтабақтар, кітаптар және мерзімді басылымдар көрмесі; Қазақстандық баспалардың кітап өнімдерінің сауда-жәрмеңкесі; «Оқы және өзгеге ұсын» буккросинг; Ұлттық шығармашылық қолөнершілер жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Мерекенің құрметті қонақтары: Тәжікстан Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Бобохонзода Равшан Арабшах; Қырғыз Республикасының Алматы қаласындағы вице-консулы Абдурасулова Гүлзат Ырысбекқызы; Түркия Бас консулдығының білім беру жөніндегі атташесі Кираз Мехмет; Польша Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулының ассистенті Ақбота Махмудова; «Алматы Француз Альянсы» Орталық Азия бойынша атқарушы директоры, үйлестірушісі Фуке Вивьен; Алматы қаласы мәдениет басқармасының өкілі Халбеков Арман Бейсенбайұлы; «Қоғамдық келісім» РММ директорының орынбасары Жәнібек Бәкірұлы Нәлібаев, Алматы қаласы мәдени орталықтарының өкілдері және т. б.

Қонақтар мен қатысушыларға мерекелік концерт ұсынылды: «Ильдизлар» түрік би тобының «Айдачырак» биі («ZARA CRACIA» би тобының солисті Сона Караева, көркемдік жетекшісі Мелика Шехрибан); Әзірбайжан биі «Сара гялин» (көркемдік жетекшісі Пирвердиева Зарина Ягубовна); Халық әні «Комузчу» («Мурас» қырғыз этномәдени бірлестігінің әншісі Марипа Керімбекова); Өзбек Хорезм биі «Лязги» мерекелік шоу-балет  Алматы қаласының Өзбек ұлттық-мәдени орталығы қоғамдық бірлестігі; «Шашу» Қазақтың ұлттық биін ҚР Ұлттық кітапханасының жас мамандары орындады.

Мерекелік шараға қазақтың белгілі жазушылар мен ақындары, зиялы қауым өкілдері, студенттер мен кітапхана оқырмандары, кітапханашылар, БАҚ өкілдері қатысты.

4fc32c37 0278 41d0 bbb7 14ad942b7834   3b9651d8 b39a 4c64 85ca 7f409352fb9b   b495a4bd 5a60 4651 beb1 000c3dc49975   46104e5f 81d9 453f 97ee e9a9145787ee
18d5f8db 20b6 4cab b481 05f5614c9cf7   794dbf07 3a6a 41fc a10d 7f93646fe4fa   681538ac 6973 4058 a21e 841d590cd251   e0815801 30a9 473b 81bd 552514d3e937